ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

1 000 000 теңге грантқа ие бол!

Просмотров - 993
23.02.2019

Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп Жастар корпусын дамыту жобасын Атырау өңірінде жүзеге асырмақ. Жоба жастарды қоғам өміріне тарту жəне олардың қоғамға қызмет ету ісіне қатысуын, жастар арасында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытуды жəне тың бастаманы көтеруді мақсат етеді.

Жоба шеңберінде қазақстандық жастар 1 000 000 теңгеге шəкіртақы алу үшін конкурстық байқауға өтінім бере алады. Бұдан басқа жобаның барлық қатысушыларына 60 000 теңге (ЖОО бітірушілеріне) жəне 40 000 теңге (қалған қатысушылар) ай сайынғы шəкіртақы беріледі, өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару дағдыларына үйретеді, сондай-ақ тəлімгерлерден қолдау алады.

Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар өздерінің əлеуетін, өмірлік дағдыларын жəне көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, бастамалық идеяларды жəне əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін (жалпы білім беретін мектептерде оқитындардан басқа) шақырылады. 

Жоба туралы қосымша ақпаратты аймақтық үйлестірушісі Аралбекова Айжан @aralbekova_aizhan (инстаграм) алуға болады.

Расскажи друзьям
Читай так же