ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«1 st GRAND BALL ATYRAU 2018» қайырымдылық балы қалай өтті?

Просмотров - 128
08.11.2018

Тұңғыш рет мұнайлы астанамыз Атырау өңірінде  «1st Grand Ball» қайырымдылық балы өтті. Аталмыш балл Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен,  Жастар таңдауы Атырау қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қазақстан эстрада жұлдыздары мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен өткен бұл қайырымдылық балл ерекше атмосфераға толы болды. Шара барысында баллға жиналған жұртшылыққа арнайы қызыл кілем, кешкі ас жайылып, түрлі концерттік бағдарламалар көрсетілді. Айта кетейік,  «1st Grand Ball» қайырымдылық балы Қазақстан бойынша 8-ші рет өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша келесі жылғы «1st Grand Ball» қайырымдылық балы Елордамыз Астана қаласында өтеді.

Ескерте кетейік, бұл баллдан жиналған қаражат толықтай «Атырау-маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне таратылатын болады.

Расскажи друзьям
Читай так же