ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

2018 жылдың үздік дорамалар топтамасы

Просмотров - 267
04.09.2018

Демалыс күндері бос уақытымызда фильм немесе сериал іздеп әлек болатынымыз анық. Әсіресе бұл дорама сүйер қауымы үшін үлкен ізденіс. Бүгінде кәріс сериалдарын көрмейтін жан кемде кем шығар. Осыған орай, сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың ең үздік дорама топтамасын ұсынамыз.

«Великий Соблазнитель»

Бұл сериал нағыз дорамышыл жанкүйерлегре арналған.  махаббат оқиғасын бейнелейтін сериалдың басты кейіпкері Квон Си Ен  талай қыздардың жүрегін жаулап оларға жеңіл көзбен қарайтын жігіт. Сериал барысында ол өзінің достарымен қосылып басты кейіпкер Ын Тэ Хи-ді алдамақ болып ойын ойластырады. Алайда, басқа дорамалар секілді бұл кейіпкерлер түбінде бір-біріне ғашық болып қалады. Десе де, Ын Тэ Хи өзінің сүйген жігітінің бұл арсыз ойынын кешіре алама екен? Оны дорама барысында өздеріңіз көре жатарсыздар.

 «Хорошая ведьма»

Үлкен сюжетті құрайтын бұл сериал шытырман оқиғаларға толы. Басты кейіпкерлер егіз әпкелі сіңілі болады. Екеуінің мінезі екі түрлі. Бірі мейірімді болса, бірі қатал.  Екеуі де, бала кезінен стюардесса болуды армандайды. Алайда, әкелерінің дүниеден өтуіне байланысты екуі бірдей оқуға түсе аламайды. Сол себепті басты кейіпкер  Чха Сон Хи өз жолын сіңілісі Ча До Хи ге береді. Уақыт өте екеуі бір жігітке ғашық болады. Әділдік пен сенімді бейнелейтін бұл дорама көпшіліктің көңілінен шығары сөзсіз.

«Что случилось с секретарем Ким?»

Шынайы махаббатты бейнелейтін бұл дорама қалың көпшілікті өзінің ерекше стилімен баурап алды. Дораманың басты кейіпкерлері Ли Ен Джуна мен Ким Ми Соның арақатынасы туралы баяндайды. Ли Ен Джун өзін жоғары бағалайтын өте ақылды, сымбатты жігіт. Ол үлкен компанияның директоры болып келеді. Ал Ким Ми Со сол компанияда хатшы болып қызмет атқарады. Директорының дөрекі қылығына шыдамаған Ким Ми Со жұмыстан шығуды ұйғарады. Оқиғаның жалғасы қалай аяқталатынын көруге кеңес береміз.

«Радио Романтика»

«Радио Романтика» сериалы ерекше сезім мен көңіл-күйге толы дораманың бірі. Басты кейіпкер Сон Гы Рим Сеул қаласындағы белгілі радио станциясында жүргізуші-редактор болып қызмет атқарады.  Ол бала күнінен анасымен бірге радио тыңдап өскен. Өйткені анасының көзі көрмейді, сол себепті теледидардың орынына радио тыңдағанды жөн деп санаған. Содан бері ол радиода қызмет етуді армандайды. Алайда радиода қызмет ету ол ойлағандай оңай болмады.

 «О времени»

«Уақыт туралы» бұл дорама фантастика және романтика желісін суреттейді. Басты рөлдегі кейіпкер қыз атақты мюзикл театрының әртісі болады. Алайда бұл бас кейіпкер Чхве Микаэлы ерекше қабілетке ие болады. Яғни ол өзі өмір сүріп жатқан замандағы адамдардың жер бетінде қанша ғұмыры қалғандығын көре алады. Шытырман оқиғаны суреттейтін бұл сериал көпшілікке қызық болары сөзсіз.

«Ты тоже человек»

Фантастикалық жанрдағы бұл дорама шытырманға толы оқиғаны бейнелйді. Басты кейіпкер өз перзенті Нам Шинді күштеп ұрлап алып кеткеніне байланысты, ол баласын сағынғандықтан робот жасап шығарады. Уақыт өте шынайы Нам Шин көлік апатына ұшырайды. Алайда, ол үлкен компанияның директоры болғандықтан оның көлік апатына ұшырағанын ешкім білмеуі тиіс. Сол себепті Нам Шин директордың орынына анасы жасап шығарған робот директор болып орналасады. Сериал барысы қарбалас оқиғамен жалғасады. Шынайы Нам Шин өмірге орала ма екен? Әлде робот әрі қарай оқиғаны жалғастырама?  Бұл оқиғаның соңы немен аяқталатынын тамашалауға кеңес береміз.

Автор: Асем Жолдыбаева

Расскажи друзьям
Читай так же