ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Нұр-Сұлтан қаласында «ASTANA MEDIA WEEK» өтті

Просмотров - 333
29.09.2021
Бірінші күнгі іс-шараларға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Украмүмкіндік алды.
Astana Media Week-2021 аясында «Біз біргеміз!» атты әлеуметтік бейнероликтер сценарийлерінің тұсаукесерлері кесілді. Іс-шараны «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Жобаға оннан астам қазақстандық продюсерлер мен сценаристер қатысты. Барлығы 20 сценарий ұсынылған, бірақ тек 9 қатысушы іріктеу кезеңінен өтіп, өз идеяларын ұсынды.
Тұсаукесер нәтижесі бойынша Айнұр Асылбекқызы «Отбасылық құндылықтар» атты категориясында жүлдегер атанды. «Экология» категориясында ең үздік сценарист болып Лимара Бектұрғанова атанды. «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша жеңімпаз — Сүлеймен Нұрдәулет болып танылды. Аталған сценарийлер бойынша дайын бейнероликтерді «Хабар» және «Хабар 24» телеарналары көрсететін болады.
«Qazaqstan» РТРК ұйымдастырған питчинг барысында болашақ сериалдардың сценарийлері талқыланды. Мұнда отандық продакшн-студиялардың өкілдері 2022 жылға арналған жаңа сериалдар үшін идеялары мен ұсыныстарын берді. Astana Media Week-2021 аясында өтіп жатқан байқауға 21 компания өтінім берген еді. Телевизиялық жұмыстар Қазақстанның тарихи қайраткерлеріне, ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын, ауыл өмірін насихаттауға, рухани астанасы — Түркістанға, тарихи Отанына оралған қандастарға , құтқарушыларға, спортты, халық кәсіпшілігін, ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналуы тиіс. Корпорация жариялаған байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Статистика бойынша, Astana Media Week-2021 екінші күні 6425 онлайн қаралды. Ең үлкен аудитория 25-34 жас шамасындағылар еді.
«Қоғам және БАҚ жаңа, ковидтен кейінгі әлемде» атты панельдік дискуссия осы күннің ең зор сұранысына ие болды. Оған 1574 адам қосылды. Сосын ең көп қаралған шара «ҚР жарнамалық медиа нарығы: ағымдағы жағдай, даму перспективалары, проблемалар мен шешімдер» дөңгелек үстелі болды. Сарапшылар пікірталасына 1248 көрермен қосылды.
Сондай-ақ, «Қазақ радиосы. Эфирде 100 жыл» шеберлік сағатының аудиториясы да 1136 көрерменге дейін жетті.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Расскажи друзьям
Читай так же