ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҮЕҰ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Просмотров - 268
30.11.2021

2021 жылдың 25 қараша күні «Орта Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қоры (әрі қарай — ОАЕҚ) «Күрделі тақырып туралы қара сөзбен айтқанда» атты әлеуметтік жобаларды бақылау мен бағалау бойынша практикалық нұсқаулықты бүкіл Қазақстан бойынша Үкіметтік емес ұйымдарына (ҮЕҰ) арналған Азаматтық Альянстың 18 қор орталықтарына берді. Бұл нұсқаулықтар ҮЕҰ Мектебінің Бағдарламасы аясында «Теңізшевройл» ЖШС-нің (әрі қарай – ТШО) қаржылық қолдауымен жарық көрді.
Алматыда әлеуметтік жобаларды бақылау және бағалауға арналған «Күрделі тақырып туралы қара сөзбен айтқанда» практикалық нұсқаулықты (бұдан әрі — нұсқаулық) таныстыру шарасы өтті. Бұл нұсқаулық Қазақстандағы ҮЕҰ-лар үшін алғаш рет дайындалды және орыс және қазақ тілдерінде басылып шығарылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің деректері бойынша, мемлекеттің ҮЕҰ секторын қаржыландыру көлемі басқа демеушілердің гранттарын есептемегенде, 2021 жылы 1681 жоба үшін 16 млрд. теңгені құрады. Бірақ ҮЕҰ-да осы уақытқа дейін олардың жобаларының тиімділігін бақылау және бағалауға мүмкіндік беретін нақты құралдар болған жоқ. Айта кететін болсақ, азаматтық сектор қызметінің негізгі бағыттары халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаумен, құқықтарды қорғау және жастармен байланысты.
Әлеуметтік жобалар санының 10 есе өсуін назарға ала отырып, сондай-ақ олардың қоғам үшін маңыздылығын түсіне отырып, «Теңізшевройл» ЖШС Орталық Азияның Еуразия Қорымен бірлесіп, 2021 жылы осы нұсқаулықты әзірледі.
Сарапшылар жобалардың нәтижелілігін өз бетінше қадағалауға және бағалауға мүмкіндік беретін пайдалы құралдармен бөліседі, ал бұл, уақыты келгенде, жобалардың мәселелерді шешу барысында халық үшін неғұрлым тиімді және пайдалы болатындығын білдіреді.
Коммерциялық емес ұйымдар үшін нұсқаулықта жобаларды оның барлық кезеңдерінде бағалау әдістері қарапайым тілде түсіндірілген. Нұсқаулықты жұмыста қолдана отырып, ҮЕҰ-лар демеушілерге жобаның нәтижелері туралы нақты айта алады және қаржыландыруды жақсырақ жұмылдыруға, демек, адамдарға қажет жобаларды көбірек жасауға көмектеседі. Кездесуде сарапшылар сұрақтарға жауап берді.

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев өз пікірімен бөлісті:
«Әлеуметтік жобаларды іске асырудың арқасында біз 10 жыл бойы қоғамдағы оң өзгерістерді байқап келеміз. Осылайша, біз «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын өзгертуге араласуының артқандығын көріп тұрмыз, біздің тәжірибеміз бен біліміміз 2022 жылы күшіне енуі тиіс әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасын әзірлеуге септігін тигізді. Кез келген жобаның тиімділігін бақылау мен бағалаудың қарапайым әрі түсінікті алгоритмі: біріншіден, халық үшін белсенділіктің қаншалықты пайдалы болғанын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, сандары өсіп келе жатқан ҮЕҰ-лар арасында бәсекелестікті арттырып, олардың әлсіз жақтарын дамытуға ынталандырады. Жалпы, бұл Атырау облысы тұрғындарына пайдасын тигізетін азаматтық қоғам қатысушылары мен ТШО арасында барынша ымыраға қол жеткізуге мүмкіндік береді».

«Біз тәжірибешіл адам ретінде күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізуді шештік. Нұсқаулық нарықтағы жұмысын жаңадан бастап жатқан, сонымен катар, ұзақ уақыт жұмыс жасап жатқан ҮЕҰ-дарға да жарамды.Ішінде көптеген визуализациялар мен кеңестер көрсетілген. ҮЕҰ арасында мониторинг және жүйелік бағалау бойынша оқыту әлі күнге дейін жүзеге асырылмайды. «Логикалық үлгі» осы үшін ең қарапайым және түсінікті құрал болып табылады. Қор мамандары әлеуметтік жобалардың сапасы мен тиімділігін арттыруға кез келген мүдделі тұлғалармен серіктестік негізінде бүкіл Қазақстан бойынша ҮЕҰ оқыту саласында ынтымақтасуға дайын», — ОАЕҚ бағдарламаларының директоры, нұсқаулықтың авторы Айгүл Тағатова былай түсінік береді.
Нұсқаулықты тапсыру Азаматтық Форум аясында өтті. Нұсқаулық жоба логикасын қалай сауатты жазу керектігі туралы теорияны, жаттығулар жиынтығын және үздік тәжірибелерден алынған кеңестерді қамтиды. Нұсқаулық ҮЕҰ топтарына жобалық жұмысты бағалау бойынша белгілі бір нақты сұрақты зерттеуге көмегін тигізумен қатар бұл білімді өз жобаларына қатысты қолдану машықтарын жаттықтыруға да септігін тигізеді.

Нұсқаулықты жүктеуге сілтеме:
Орысша: https://drive.google.com/file/d/1JQ3AIFZMhxBairh_YDjsQfRlN8nMicuv/view?usp=sharing
Қазақша: https://drive.google.com/file/d/1iq1sX1T0dPWogYDbnvS8xhv4xIUmwGLZ/view?usp=sharing

Расскажи друзьям
Читай так же