ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Абылай Төлеш әлем чемпионы атанды!

Просмотров - 164
10.10.2018

4-7 қазан күндері Ресей астанасы Мәскеуде панкратионнан әлем чемпионаты өтті. Әлем мықтылары бас қосқан дүбірлі додада жерлесіміз Абылай Төлеш қарсылас шақ келтірмей, байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шарқатты.


Абылай іріктеу кезеңдерінде Тәжікстан мен әзірбайжандық қарсыластарын ұтты. Жартылай финалда Қырғыз спортшысын оңай тізе бүктірді. Ал ақтық сында тартысты өткен жекпе-жекте жарыс қожайынана еш мүмкіндік бермей чемпиондық белдіктің иегері атанды.

Абылай осыған дейін жекпе-жек спорттарының барлығында дерлік өз бағын сынап, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген спортшы. Самбо, жекпе-жек, панкратион секілді спорттардан түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Кәсіпқойлар арасында да бағын сынап жүр. Бүгінгі күндері қаламызда жаңадан ашылған «Мерген»жауынгерлік клубында жаттығады.

Расскажи друзьям
Читай так же