ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Абзал Дүсіпов кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Просмотров - 294
12.11.2018

Абзал Дүсіпов кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

11-ші қараша күні Грузия астанасы Тбилиси қаласында кикбоксингтен «Eagle Fight series» кәсіпқой кеші өтті.


Кеш аясында атыраулық әлем чемпионы Абзал Дүсіпов жергілікті спортшы Лука Шониямен жекпе-жекке шығып жеңіске жетті.

Кездесу 63,5 келі салмақта Кикбоксингтің Фулл Контакт түрі бойынша ұйымдастырылды.


Лука Шония кәсіпқой аренада мықты спортшылардың бірі болып табылады. Дегенмен жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмастан, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, 1 желтоқсан күні Атырау қаласында Абзал Дүсіповтың қатысуымен үлкен кикбоксинг кеші өтеді деп жоспарлануда.

Расскажи друзьям
Читай так же