ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Әлемнің ең қымбат футболшылары кімдер?

Просмотров - 581
13.06.2017
Футболдағы спорттық зерттеу орталығы (CIES Football Observatory) әлемнің ең қымбат футболшыларының тізімін жасады, — деп хабарлайды РИА Новости. 
 
Бұл тізімді «Барселона» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар бастап тұр. Ұйым бұл ойыншының трансферін 210,7 миллион еуроға бағалап отыр. 
 
Екінші орында лондондық «Тоттенхем» ойыншылары Деле Алли (155,1 миллион еуро) және Харри Кейн (153,6 миллион еуро).
 
Ал «Алтын допты» бес рет иеленген атақты Лионель Месси төртінші орында — 151,7 миллион еуро. «Реал» және Португалия құрамасының ойыншысы, Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы Криштиану Роналду тек он бірінші орында (112,4 миллион еуро).
 
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
Расскажи друзьям
Читай так же