ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Әнші «Адам»: Ерке Есмаханның әні конкурстық емес!

Просмотров - 161
30.05.2018

Көрермен көзайымына айналып,өнер сүйер қауымның жүрегінен орын тауып жүрген  әнші Дәурен Оразбеков «Адам» Атырау жастарына арнап эстрадалық вокал бағыты бойынша шеберлік сыныбын өткізді.  Оның айтуынша, жас әншілер байқауға шығар кезде талапқа сай ән орындау қажет. Жеңіл әнмен шыққан әншінің байқауда көлеңкесі де, көрінбей қалады.  Ол көріп жүрген облыстық музыкалық байқауларда көптеген жас әншілер Ерке Есмахан секілді талантты әншілердің әнін алып шығады. Ал, әнші Адамның пікіріне сүйенер болсақ, ол конкурстық ән емес! Сондай-ақ тым жеңіл патриоттық әнді таңдайтын әншілерімізге де, біраз ескертпе жасады. «Байқаудың аты байқау»- деді ол. 

Шеберлік сынып барысында Дәурен Оразбеков жас әншілерге ән айту барысындағы көптеген қателіктер туралы айтты.

Тыныс алу

Егер дауыс айқын шықсын десең, ән айтып жатқан кезде демің қысылып қалмас үшін міндетті түрде  дұрыс тыныс алу қажет. Көптеген жас әншілер сахнаға шығар кезде қобалжудың кесірінен демге аса мән бермейді. Ол қателік ән айту барысында көптеген кедергілерге алып келеді.

Алдымен демді кеудеден бастап алу қажет.

Тыныс алу екі қимыл арқылы жүзеге асады: дем алу және дем шығару. Егер кеудеге дем жиналып тұрса ән айтқан кезде өзіңіз жеңілдікті сезесіз.

                                                                                            Дем диетасы

Кез-келген әнші өзіне берілген дауысты күте білу қажет. Ән айтқан кезде демнің алатын орны маңызды деп есептейміз. Сондай-ақ дем алуды оңай алу үшінде оған аса көңіл аударған жөн. Яғни, «дем диетасы». Бұл орайда ашшы тағамдарды аз тұтыну қажет. Алкогольді ішімдіктер, түрлі шылымдар мен қазіргі кездегі каляндардың түтіні тікелей демге әсер етеді. Әрине ол өкпемен де байланысты екені баршамызға аян. Демге көңіл бөлген жағдайда дауысыңызды да күтіңіз салқын сусындардан мейлінше алыс болу қажет.

 Вокалдық база

Ән айтқан кезде бірден жоғарғы нотаны алуға тырыспаған жөн. Ол үшін алдымен мүндетті түрде вокалдық жаттығулар жасаңыз. Яғни, дауыс төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге ауысып отыру қажет. Музыкада жеті нота бар, сол ноталармен жиі жұмыс жасау қажет. Нотадан ауытқу, тональносттен ауытқу секілді қателіктер тікелей нотамен байланысты.

Көрерменмен жұмыс жасау

Сахнаға шыққан сәттен бастап әнші көрерменмен жұмыс жасап бастау қажет. Оны өзіне әнімен де, іс-қимылменде қарату қажет. Әр әншіде актерлік шеберлік болу қажет.

Мысалы: Маржан Арапбаева, өмірде кіп-кішкентай бірақ энергиясы мол. Онымен бір сахынаға шығар болсаңыз оған ілесіп жүру қиын. Бар дауысымен, денсімен мықты жұмыс жасайды. Халықты өзіне қаратады.

Сондай-ақ, Жанар Дұғалова, оның жүрегінде көп дүние болып жатыр… Бірақ сахнаға шыққан кезде ол мүлде басқа Жанар болып шығады. Оның энергиясын барлық халық сезеді. Көрерменге жүрегін ашады, әнін жеткізеді. Халықпен байланыс орната алады.
Сол секілді сахна мәдениетін ұмытпай тікелей халықпен байланыс жасау қажет.

Айта кету керек Адам, шеберлік сынып барысында тікелей қатысушылармен байланыс жасап, ашық түрде көптеген вокалдық жаттығулар орындады.

Расскажи друзьям
Читай так же