ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырау облысы тұрғындарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,2 миллард теңгеге жуық қаржы аударылды

Просмотров - 89
08.11.2018

  2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 қазаны аралығында Атырау облысы бойынша Ұлттық банктегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есеп шотына түскен жарналар мен аударымдар 7 миллиард 132 миллион 867 мың  893, 37  теңгені құрады.

Олардың ішінен жеке кәсіпкерлерден аударылған сома 295 миллион 691 мың 054,40 теңгені құрайды. Жұмыс берушілер тарапынан қорға 6 миллиард 877 миллион 176 мың 838,89 теңге қаржы түсті. Аталған кезең ішінде Казақстанның барлық өңірлерінен қор есебіне 113 миллиард 562 миллион 328 мың 633,50 теңге қаржы аударылған.

ТМККК аясында медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері мәліметтер базасындағы 2018 жылдың 31 қазанындағы ақпарат бойынша Атырау облысында 80 денсаулық сақтау субъектілері тіркелінген, олардың 35 мекемесі мемлекеттік және 45 нысаны жеке ұйым болып табылады. МӘМС енгізу жобасы аясында өңірлік қормен 59 медициналық мекемелер келісім шарттар жасасқан. Олардың 34 мемлекеттік және 25 жеке ұйымдар.

Сонымен қатар, Қор апта сайын стационарлық және стационаралмастырушы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметтерінің сапасына электронды басқару жүйесі арқылы мониторинг жүргізеді. Айта кетерлігі, мониторинг жүргізу халық арасында сұранысқа ие медициналық қызмет түрін анықтауға да мүмкіндік береді.

Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

 

Расскажи друзьям
Читай так же