ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда «Boyau Fest 2018» жүгіру фестивалі өтті

Просмотров - 108
24.09.2018

23 Қыркүйек күні Атырауда алғаш рет Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Рауан» жастар қорының ұйымдастыруымен «Boyau Fest 2018» жүгіру фестивалі өтті. Бұл фестивальдің басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстана отырып, халыққа жарық, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Жастар Ресуртық орталығынан бастау алып, «Тамаша» ойын- сауық орталығына дейін жалғасқан Фестивальге 5000 ға жуық қала тұрғындары қатысты. Шара барысында қатысушыларға арнап ұйымдастырушылар нөмір арқылы лотерея ойынын өткізді, қатысушылар арнайы сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды. Фестивальдің соңында «Shabyt» entertainment ұжымының талантты өнерпаздары, «Atyrau fitness center» орталығының тренирлері «Zumba» биін билесе, «Boyau Fest 2018» фестиваліне арнай шақырту алған Мәди Тоқтаров (М’dee) өнер көрсетті.

Расскажи друзьям
Читай так же