ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда Бүкілəлемдік бокс сериясының жекпе-жегі өтеді

Просмотров - 177
03.03.2017

«Астана арландары» — бүкіл әлемге әйгілі боп үлгерген команда. Алып бокс державасынан шыққан команданың жекпе-жегін тамашалауға Атырау жұртшылығы да мүмкіндік алып отыр. Ертең Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 7-ші маусымы аясында «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» арасындағы кездесу болмақшы. Осыған орай, бүгін «Байзар» сауда орталығында жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясы өтті.

-«Астана арландары» секілді бокс командасының Атырау жерінде додаға түсуі біз үлкен жауапкершілік. Болашақ жас боксшыларымыз шеберлердің бәсекесін өз көздерімен тамашалап, алдағы уақытта үлкен мотивация алады деп ойлаймын. Сонымен қоса, бұндай жарыс қаламызда алғаш рет өткізілуде», — дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

 Кездесу барысында жанкүйерлер тарапынан қойылған сауалға спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, бокс кешін ұйымдастырып қоймай, командалардың алдын ала шақырғандығын хабардар етті. Бұл жергілікті боксшыларға үлкен тәжірибе болып, алдағы уақытта атыраулық боксшылардың да шаршы алаңнан үздік шығатындығына сенімді екендігін жеткізді.

«Астана арландары» бокс клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Атырауда да талантты боксшылар бар екенін айта кетті. 

-75 келі салмақта Амандық Манашев пен 60 келіде Ержан Ордабаев жақсы боксшылар екен. Болашақта осы жігіттерден үлкен нәтиже күтуге болады. Команданың біраз бөлігі жастар. Сондықтан барлығы әлі алда», — дейді бас бапкер.

Баспасоз конференциясында шаршы алаңға шығатын «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» құрамы таныстырылып, нәтижесі төмендегідей:

49 кг: Теміртас Жүсіпов — Джунджун Хе
56 кг: Ілияс Сүлейменов — Лонг Ванг
64 кг: Ділмұрат Мижитов — Янг Лю
75 кг: Сапарбай Айдаров — Минганг Жао
91 кг: Антон Пинчук — Сергей Новиков.

Ертең бұл сайыс «Атырау » дене шынықтыру жəне сауықтану орталығында сағат 17:00 де басталды. Бұл кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Билеттерді: Атырау вокзалы (Баймұханов көшесі, 66), Мұрагер Сауда үйі (Баймұханов көшесі, 61), Ардагер Сауда үйі (Сатпаев көшесі, 17а) мекен-жайын табуға болады. Спортшыларымызға бірге қолдау көрсетейік!

Расскажи друзьям
Читай так же