ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда демалуға болатын үздік 5 орын

Просмотров - 1268
25.07.2018

Жазғы демалыс бастала сала көпшілігіміз демалатын орындар іздеп әлек боламыз. Әсіресе өз қаламызда емес, өзге елге баруға құмартып тұрамыз. Алайда біз тұратын мекенде де, жазда демалуға болатын бірнеше әдемі жерлер бар. Осыған орай, біз сіздерге Атырауда демалуға болатын үздік 5 жерді ұсынамыз.

«YoYo» батут

Үлкендерге де, кішкентай балаларға да, арналған бұл орталықта жазғы акция жүруде.  Жарты сағаты 2000 тг. Балаларға 500 тг ден басталады.  «YoYo» батут орталығында 6 инструктор қызмет атқарады. Олар ең бастысы — келген қонақтың қауіпсіздігіне жауап береді. Ата-ана мен балаларға теңдей жағдай жасаған бұл орталықта демалыс күніңізді ойдағыдай өткізсеңіз болады.

 Құрғақ бассейн

Демалыс күндері балаларыңызды қыдыруға алып шыққан кезде олардың ойнайтын алаңдарына кейде қызығып кететініңіз жасырын емес шығар. Әсіресе түрлі-түсті шариктерді көрген кезде еріксіз ойнағың кеп тұрады. Атырауда үлкендермен кішілерге арналған құрғақ бассейн орталығы бар.  Бағасы 500 тг мен 1000 тг-ні құрайды. Мұнда келген кез-келген ересек адам демалысын тиімді өткізе алады.

Орталық Жағажай

Жаздың ең әсерлі қызықты уақыты бұл жағажайда демалған кез. Көпшілік адам жаз айын осы жағажай үшін күтетіні белгілі. Ашық аспанның астында табиғаттың осындай әдемі құбылысына тәнті боп демалғанға не жетсін. Жағажайға барып демалу үшін сізге ақшаның қажеті жоқ. Тек өзіңізге қажетті дүниелерді алып жүрсеңіз болғаны. Сондай-ақ, бұл жағажайдың жанында ашық мейрамханаларда бар. Демалып болғаннан кейін осы жерден ұзамай тамақтанып алсаңыз да болады.

Малибу Жағажайы

Орталық жағажай мен Малибу жағажайының ешқандай айырмашылығы жоқ. Алайда бұл жерде көптеген ойын құралдары бар.

Ғажайыптар әлемі саябағы

Өңірімізде бұл саябақты ұзақ күткеніміз бәрімізге белгілі. Қаламызды биіктіктен тамашалай алатын каруселдер. Кішкентай балаларға арналған батут іспетті алаңдар. Сондай-ақ көптеген ойын құрылғылары да, бар.  Бұл саябақта демалу үшін үлкен көлемдегі қаражаттың қажеті жоқ. Ең жоғарғы баға 550 тг құрайды.

Автор: Асем Жолдыбаева

Фотограф: Жолдас Үсенғалиев

Расскажи друзьям
Читай так же