ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда «Домбыра Club» аула клубы ашылды

Просмотров - 187
04.10.2018

«Хиуаз» қоғамдық бірлестігі «Samruk-Kazyna Trust» коорпоративтік қорының «Әрекет» жобасы аясында 500 мың теңге көлемінде грант ұтып алған болатын. Нәтижиесінде балалардың білімін дамыту мақсатында 2018 жылдың 3 қазан күні «Samruk-Kazyna Trust» кооперативтік қорының қолдауымен «Әрекет» әлеуметтік жобасы аясында «Хиуаз» қоғамдық қорының бастамасымен Кеңөзек селолық округінде  «Домбыра Club» аула клубы ашылды. Бұл аула клубы балалардың өнерлі де, жан-жақты болуын, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Және түрлі үйірмелерге атап айтсақ, «домбыра, қолөнер,шахмат, тоғызқұмалақ , би» үйірмелері және «Ене мен келін» дәстүрге баулу мектебіне тегін оқуға мол мүмкіндік бар.

Расскажи друзьям
Читай так же