ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда «Мерген» спорт клубы ашылды

Просмотров - 407
09.07.2018

8-ші шілде күні Атырау қаласында «Мерген» спорт клубының ашылу салтанаты өтті.

Клубтың негізгі бағыты жауынгерлік жекпе-жек түрлері бойынша балаларды дайындау. Онда әзірге спорттың үш бағыты: ММА, грэпплинг және муай-тай спорты бойынша, онымен қоса балалар гимнастикасынан жаттығу жұмыстары жүретін болады.                                                                    
Клубты Қожахметов Медет Мұсаұлы бастаған бір топ кәсіпкерлер, спорт жанашырлары өз қаражаттарына ашып отыр.
— Мақсатымыз пайда тауып атағымызды шығару емес. Біз үшін жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап, өскелең ұрпақтың дені сау болуына қол ұшымызды беру болып табылады, — дейді Медет Мұсаұлы.

Клубтың тағы бір ерекшелігі ондағы жаттықтырушылардың еліміздің абыройын көтеріп жүрген танмал спортшылар болуы: Абылай Төлеш, Галиев Ищан және Ресейден арнайы шақыртылған жекпе-жек шебері Курбанов Мухаммад.                                              
Ғимараттың құрылысына Мәскеуден арнайы мамандар шақыртылған. Бұнда кәсіпқой деңгейде спортшылар еш қиындықсыз дайындала алады.

Расскажи друзьям
Читай так же