ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда онлайн форматта «Самғау» бизнес-фестивалі өтті

Просмотров - 251
28.09.2021

25 және 26 қыркүйек күндері «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында жыл сайынғы жастарға арналған «САМҒАУ» бизнес-фестивалі алтыншы рет өтті. Ол «САМҒАУ» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы болатын көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында құрылған. Табысты кәсіпкерлер мен үздік бизнес-тренерлер онлайн-фестиваль қатысушыларына минималды бюджетпен стартапты дамыту туралы және кәсіпкерліктің басқа аспектілері туралы айтып берді.

Фестиваль қатысушылары BRO Glasses негізін қалаушы Данияр Шайкемелов, кәсіпкер және нетворкинг-маманы Мерей Мұстафина, «Asar-ume» қайырымдылық жобасының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, JKS Entertainment жетекшісі Бексұлтан Қазыбек пен The YOLO House продюсері Азат Халимов сияқты спикерлердің семинарларына қатысты. Сондай-ақ, іс-шара аясында түрлі сыйлықтар ойнатылды. Фестиваль Karina Ivanova, Aidhn, Yenlik және Jeltoksan сынды жас қазақстандық орындаушылардың онлайн-концертімен аяқталды. Фестивальдің ұйымдастырушылары — British Council мен «Шеврон» компаниясы.

Расскажи друзьям
Читай так же