ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда Қамбар Андашевтың рухына арналған ашық Республикалық турнир мәресіне жетті.

Просмотров - 141
04.10.2018

Төрт күн бойы Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Қызылорда, Астана, Павлодар, Ақтөбе, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Атырау өңірлерінен 100-ден астам боксшы өзара үздіктерді анықтады.


Жасөспірімдер арасындағы бұл дода жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы жылы еліміз бойынша маңызды турнирлер кестесіне енгізілген. Жеңімпаздарға спорт шеберлігіне үміткен атағы беріледі.
-Жарыс деңгейі өте жоғары болды. Жас спортшылардың дайындығы өте керемет. Әсіресе соңғы жылдары бокстағы бәсекелестік көңіл қуантады. Бұл турнирге Өзбекстан құрамасы негізгі боксшыларын алып келген. Маңғыстаулықтардың да ерекше дайындықпен келгенін айта кету керек. Атыраудағы осы бір бокс додасы секілді жарыстардың көптеп ұйымдастырылғаны жас боксшыларымызға өте керек, — дейді супервайзер, Халықаралық дәрежедегі төреші Ерболат Ашимов.


Ашық Республикалық турнирдің «ең үздік боксшысы» болып атыраулық Мұстахим Бекқалиев танылды. Ол 60 келі салмақта жеңіске жеткен болатын. Өзбекстандық 44 келіде жұдырықтасқан Исраил Каримов «Жеңіске деген жігері үшін» кубогымен марапатталды. Басқа да жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік медальдармен қоса бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Расскажи друзьям
Читай так же