ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторийі өтті

Просмотров - 86
26.11.2018

26 қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторийі өтті.

Лекция барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Талтенов Абзал Ахатұлы сөз сөйлеп, Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторийі жөнінде өз ойын білдірді: Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің қоғамдық өмірінде халықтың рухани жаңарып, тарихи-танымдық ой тұжырымдар жасауға кеңінен ықпал етуде. XXI ғасырдағы ұлттық сана тарихи өткен жолымызды саралай отырып, болашақты болжауға, қазақстандық даму жолын нық жүргізуге іргетас болуы қажет. Сондай-ақ, күні кеше 21 қарашада Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы жарыққа шықты. Бұл мақала Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде біздің алдымызға жаңа міндеттер мен мақсаттарды қойып отыр.Осы мақалаға негізінде тарихшылар мен филологтар, өнер саласы ғалымдарының алдында ғылыми-зерттеу бағытттарына жаңа көзқараспен қарап, ұлттың тарихы, салт-дәстүрлері бойынша іргелі зерттеулер жүргізу міндеті тұр.Осыған байланысты, «Архив-2025», «Аң стилі», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Түркі әлемі», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасына» байланысты жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруды қолға алатын боламыз.

 Бұл лекторийге Түркі академиясының профессоры, филология ғылымдарының докторы; Әділ Құрманжанұлы Ахметов,   «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы; Ғарифолла  Қабдолқайырұлы Әнес, «Қасиетті Қазақстан» Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғалымдарының кандидаты; Батырхан Жұмабайұлы қатысып, «Ғасырлар дәстүрлерін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» тақырыбында, «Қазақтың салт-дәстүрлерінің озығы мен тозығы», ««Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жөнінде сөз қозғады.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторийінің басты мақсаты қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау, «Қазақтану» жобасы аясында Қазақстан этностарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, әдебиеті, философиясы туралы терең ақпарат беру, оларды жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудың, оның қызмет етуінің және одан әрі жетілдірудің біріктіруші негіздерінің бірі ретінде маңызын түсіндіру болып табылады.

 

 

Расскажи друзьям
Читай так же