ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда тұңғыш рет джиу-джитсу жастар ойындары өткізілді

Просмотров - 642
22.05.2017

Күн шығыс елінен бастау алған көне спорт түрі джиу-джитсу бүгінгі күнге дейін жетіп, Қазақстанда жаңадан қарқын алып даму үстінде. Оның бірден бір дәлелі, Атырау қаласында тұңғыш рет 19-22 мамыр аралығында джиу-джитсудан жастар ойындарынын өткізілуі. Сайысқа 20-14 жас аралығында жасөпірімдер қыздар джиу-джитсудың үш түрі бойынша сынға түсті.

 «Осыдан 10 жыл бұрын 2007 жылы алғаш рет Атырауда джиу-джитсу федерациясын құрдық. Міне, осы уақыт аралығында бұл спорт түрін облысымызда дамыту мақсатында жұмыс жасап келеміз. Қазір қаламыздан федерацияның жаңа залын ашып, 10 жылдығымызды атап өтуді жоспарлаудамыз. Алға қойған мақсаттардың бірі аудандарда да көптеген үйірмелер ашып, джиу-джитсу спортын барынша дамыту болып табылады»,-деді облыстық джиу-джитсу федерациясының басшысы Айбар Есенғалиев. Сондай-ақ, джиу-джитсу спортынан жастар ойындарының алғаш рет өткізуліне мәртебе екендігін, келер жылы да көп чемпиондар шығаруға жұмыстанатынын жеткізді.

Жастар ойындарының қорытындысы бойынша Атырау облысының құрамасы 5-алтын, 5-күміс және 13-қола медальмен командалық есепте 5 орынға тұрақтады. Қазақстанда Джиу-джитсу спортынан бəсекелестік өте жоғары деңгейде екенін ескерсек, бұл Атырау облысы үшін өте жақсы көрсеткіш болды.

Расскажи друзьям
Читай так же