ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда үлкен бокс додасы өтті

Просмотров - 92
01.05.2018
26-30 сәуір аралығында Атырауда Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлының рухына арналған бокстан ересектер арасындағы X-шы
Халықаралық турнир мәресіне жетті.                                                                                                       
Дәстүрлі турнирге биыл Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан,
Моңғолия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап
шеберлері қатысты.
— Бірінші кезекте бұндай Халықаралық деңгейдегі жарыстың Атырау жерінде
оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқанын ерекше айта кеткен жөн. Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еліміздің тарихында алар орны
ерекше. Батыр бабаларымыздың ерлік істері көпке үлгі. Жылма-жыл
жарысымыздың әділ етіп, жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз. Мысалы
биыл спортшыларды марапаттау үшін Олимпиада чемпионы Александр
Винокуров пен әйгілі ауыр атлетіміз Илья Ильин келді, — дейді Атырау облысы
бокс федерациясының атқарушы директоры Дінмұхамед Шәріпбаев.
Бейресми командалық есепте Атырау облысының командасы 10 медаль
жеңіп алды. Одан бөлек Иран, Моңғолия, және Ресей мемлекеттері бір-
бірден алтын медаль иеленді. Турнирдің үздік боксшысы болып Атыраулық
Ұзақбаев Асылхан танылды.                                                                                                                 Айта кету керек, 56 келіде жұдырықтасқан Моңғолиялық Асқар Нұрлан
этникалық қазақ болыпт табылды. Ол өз салмағында қарсылас шыдартпай,
чемпион атанды.                                                                                                                Алтын: 60 келі Ұзақбаев Асылхан және +91 келі Есенаман Шунгарин.
Күміс: 64 келі Ордабаев Ержан және +91 келі Эрметов Айбек.
Қола: 49 келі Нурбердиев Сұлтанбек, 52 келі Құрманғазы Мерей, 81 келі
Тельманов Сұңқар және +91 келі Алимбетов Нұралы.
Расскажи друзьям
Читай так же