ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда «Үйлену оңай…» комедиялық қойылымының премьерасы өтті

Просмотров - 629
06.07.2018

Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция деген бар. Атырауда алғаш рет режиссер: Мұханғали Томановтың «Үйлену оңай…» атты комедиялық қойылымының премьерасы өтті. Қойылым авторы: Мұхамбетқали Хасенов. Атырау облысы Жастар Саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас интеллектуал» Жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен, бұл аталмыш туындыны талантты да, өнерлі жастардан құралған Атырау Жастар театры қойды.                                                                          

Қойылымның басты мақсаты, күлдіре отырып ойландыру арқылы қазіргі қоғамдағы басты проблемалардың бірі-жас отбасылардың ажырасуына тоқтау жасау, азайту, себебін анықтап көрерменге жеткізу.

Қойылымға әуеской әртістер 20 күн көлемінде дайындалды. Жастар арнайы кастингтер бойынша іріктелініп алынды. «Театр-өмірдің айнасы» болғандықтан осы қойылымда көрсетілген образдар бойынша, адамдарға өз бейнесін танытқымыз келді.  Алдағы уақытта осы қойылыммен Атырау облысы аудандарын аралау жоспарда бар, дейді Атырау Жастар теартрының жетекшісі, Гүлнұр Қайырлиева.

Комедиялық қойылым- достықтары махаббатқа ұласып, бақытты күндері мен қызықтары тарқамайтындай көрінген, жаңа үйленген үш жас отбасы туралы. Қойылым барысында бірнеше сюжетті көруге болады. Яғни бүгінде, әр отбасында орын алып жатқан  әкенің өз отбасынан кетуі, ананың баланы тастауы, балаға зар болған ана және болмашы бір түсініспеушілік үшін ажырасуға бел буған жас отбасылар бейнесі айқын сомдалған.    

Роллан Құспан, Атырау облысы Жастар Саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

-Бүгінде жастар көбіне кинотеатрларға барып жатады, бірақ мұндай сахнадағы қойылымды, образды біздер ешқашан кинотеатрдан көре алмаймыз. Бастау алған  бұл жобамыздың басты мақсаты шығармашыл жастардың қатарын, әлеуметін арттыру болып табылады. Осы орайда, театрымызды жандандыра отыра, киелі өнерімізге жастардың сұранысын арттырып, олардың театрға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қолдарында актер деген дипломдары болмаса да, бүгінгі қойылымды жоғарғы дәрежеде көрсеткен Атырау Жастар театрының әртістеріне қатарлары көбейіп, шығармашылықтары одан әрі дами түссін деп тілеймін.

Автор: Асем Жолдыбаева

 

Расскажи друзьям
Читай так же