ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

АТЫРАУДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ АШЫЛДЫ

Просмотров - 278
05.12.2021

Атырауда еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында дәстүрлі «Worldskills Kazakhstan-2021» республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Жаһандық жобаның ашылу салтанаты APEC PetroTechnic жоғары колледжінде ұйымдастырылды.

Биыл Атырау өңірінде алғаш өтіп отырған ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналды.

Білім додасының ашылу салтанатында алдымен экран арқылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың видеоқұттықтауы жолданды.

Шараның ресми ашу үшін «Worldskills Kazakhstan-2021» республикалық чемпионатының туын ортаға әкелу құрметі «Worldskills Атырау» өңірлік чемпионатының жеңімпазы Асылжан Идаевқа ұсынылды.

Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов өз ісінің үздіктерін анықтап, жастардың талантын мойындатуға мүмкіндік беретін жаһандық жобаның маңызына тоқталып, білім сайысында бақ сынайтын жастарға сәттілік тілеп, чемпионаттың старт нүктесін басты.

Шараға арнайы келген қоғам қайраткері Мұрат Әбенов бұл ерекше күнді «Еңбек мерекесі» деп атады. «Біздегі мәселенің көбі сапасыз мамандардан туындайды. Ал, ол түйткілді жастардың білімін шыңдау арқылы шеше аламыз. Оған бұндай жобалардың берері көп» деді ол.

Білім сайысының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова, облыстық ішкі саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшылары мен мамандары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері, жұмыс беруші әлеуметтік серіктестер қатысты.

Worldskills қозғалысы тарихында Атырау индустриалды колледжі 2015 жылы қола, 2016 жылы күміс жүлделерге ие болып, 2017 жылы С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенті үшінші орынды еншілесе, 2018 жылы облыс қоржынына үш алтын жүлде түсті. жеңімпаздарды дайындаған Атырау сервис колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжі және APEC PetroTechnic жоғары колледжі.

Айта кетейік, республикамыздың 8 аймағындағы 18 алаңда 1-қарашадан бастау алған ұлттық чемпионаттың нүктесі Атырау облысында қойылады.

Атырауда 5 желтоқсанға дейін жалғасатын чемпионатта республика үздіктері 5 құзыреттілік бойынша бақ сынайды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 10-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Расскажи друзьям
Читай так же