ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда жаңа жолдар салу жұмыстары жалғасуда

Просмотров - 114
17.05.2018

«Атырау қаласында ағымдағы жылы 227 көшені қамту жоспарланып отыр, бұл 211 шақырым жолды құрайды»,- деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.                                                                       
Қалалық ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша бүгінгі күні Көкарна, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Жұлдыз-3, Жұлдыз-1,2 ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.                                                                            «Осы жылы Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 227 көшенің ЖСҚ әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекендерде де басталады», — деді қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының басшысы Акесен Ибрагимов.

2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарлануда.

Расскажи друзьям
Читай так же