ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

АТЫРАУДА ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСТЫ

Просмотров - 127
24.12.2021

Атырауда «Томағамды ал да топқа сал» атты жас ақындар айтысы өтті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен орталық жанынан құрылған «Ақтаңгер» айтыскер ақындар клубының ұйымдастыруымен өткен жыр додасына 18 ақын қатысты.

Айтыстың ерекшелігі бұл жыр аламанында жас ақындар бұған дейін дода көрген 30 жасқа дейінгі айтыскерлермен сынға түсті.

Топқа түскен тоғыз жұп та тосылмай, шаппа-шаптың шын үлгісін көрсетті. Айтыста елдік, бірлік тақырыбы кеңінен қозғалып, қоғамдағы кейбір келеңсіздіктер де ақындар жырына арқау болды.

— 30 жылда қазақтың күні күлімдеп, айы оңынан туды. Дүлдүл ұлдары, бұлбұл қыздары еркіндіктің қадірін білді. Талай рухани мұрамызды жаңғырттық, солардың бірі — айтыс өнері, — дейді ОХШО басшысы Жәнібек Аманиязов.

Мекеме жанынан құрылған “Ақтаңгер” айтыскер ақындар клубының бастамашы болуымен өткен сынға 18 ақын қатысты. Жас ақындардың өзінен 9 жұп шығуы -Атыраудағы айтыс өнерінің болашағы зор екеніне дәлел. Біздің мақсатымыз -мүмкіндігінше осы айтыскерлер арасынан жаңа есімдерді табу, республикалық, халықаралық додаларда топ жаратын таланттарды анықтау, — деді ол.

Жыр аламанын айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров жүргізді.

Атырау айтысын бір биікке көтерген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев, ардагер ақын Мүтиғолла Ғани бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені құрманғазылық жүйрік, облыстық «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Нұрбейбіт Нұғманов иеленді. Бірінші орын қызылқоғалық жас ақын Батыржан Кәдірбайға бұйырса, екінші орындарды индерлік айтыскерлер Абылай Смағұлов пен Баймұрат Кеңес еншіледі. Ал, үшінші орындарға исатайлық Амангелді Панабердиев, атыраулық Алшынбек Мұқанғали мен қазіргі облыс айтысындағы жалғыз қыз Фариза Жетпісбаева ие болды.

Расскажи друзьям
Читай так же