ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда жастарға арналған аула клубтары ашылды

Просмотров - 458
12.07.2018

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының 2018 жылғы мемлекеттік тапсырысы  аясында  «Атырау қаласында жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған аула клубының жұмысын ұйымдастыру» бойынша «Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласы бойынша «Жеті қазына», «Достық», «Хиуаз», «Бейбарыс» аула клубтары ресми түрде ашылды.

-Роллан Құспан, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

Өткен жылы аула клубтары жұмыстарын пилоттық арнада жүзеге асырған болатынбыз. Нұрсая мөлтек ауданында «Достық» аула клубы жұмыс жасады. Соны сараптай келе біз биыл Атырау облысы бойынша 6 аула клубын ашуды жоспарладық.  Бұл жерде жастарға қажетті бірнеше үйірмелерді  қамтамасыз етудеміз. Әр үйірме бойынша білікті мамандар қызмет атқаратын болады.  Сондай-ақ жастардың сұранысы бойынша тағы да, бірнеше үйірмелерді қарастырудамыз.

Аталмыш аула клубтары Атырау қаласының 4 жерінен ашылып, ақысыз негізде өз жұмыстарын ағымдағы жылдың  2 шілдесінен бастап кеткен. Аула клубтары жылдың аяғына дейін жұмыс жасайтын болады. Үйірмеге жетекшілік етуге, сабақ беруге білікті жоғары білімді мамандар тартылған.

Әр аула клубында:

Үйірмеге қатысушылар тек өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, 4 аула клубы арасында өтетін іс-шараларға және қалаішілік түрлі шараларға, спорт жарыстарына қатысатын болады.  Үйірмеге қатысуға ниет білдірген кез келген 7-29 жас аралығындағы балалар, жасөспірімдер мен жастар тегін қатыса алады.

Автор: Асем Жолдыбаева

Фотограф: Үсенғалиев Жолдас

Расскажи друзьям
Читай так же