ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атырауда Журналистер мен блогерлерге арналған пресс-жорық ұйымдастырылды

Просмотров - 148
23.10.2018

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»Бағдарламалық мақаласын ағымдағы жылдың 19-24 қазан күндері өңірдің киелі жерлеріне журналистер мен блогерлер үшін Исатай, Индер, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Жылыой аудандарында және Атырау қаласында өткізілетін пресс-жорық ұйымдастырылуда.

19 Қазан күні  пресс-жорықшылар Исатай және Құрманғазы аудандарына жолға шықты.

Жорық барысында қатысушылар Атырау-Астрахань тас жолының 82 км-і бойында орналасқан Таскран белогісіне, Х.Нәубетов атындағы орта мектебі  «Исатай аудандық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтіп, Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурын ауылдық округі, Зейнеден ауылынан солтүстік-шығысқа 10 км жерде, Атырау-Астрахань тас жолының бойындаорналасқан Әулие Зейнеден Құрасұлы кесенесіне, Атырау-Астрахань тас жолының 150 км-інде орналасқан Мақаш әкім кесенесіне барып олардың тарихымен танысты. Жорық соңында Құрманғазы ауданында  талантты өнерпаздардан құралған «Жиделі» халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Расскажи друзьям
Читай так же