ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраудағы 5 үздік той мейрамханасы

Просмотров - 400
17.09.2018

Бүгінде қазақты тойсыз елестету мүмкін емес. Шаңырақта той болады дей қалса үлкендердің біраз әбігерге түсетіні де, жасырын емес. Әсіресе той жасайтын үлкен мейрамханалар іздеп әлек болады. Әрине бағасы қол жетімді.  Осыған орай біз сіздерге Атырау өңіріндегі 2018 жылдың 5 үздік той мейрамханасының тізімін ұсынамыз. 

 

«Bellagio Ballroom» мейрамханасы

Егер сіз Жас Атырау порталының тұрақты оқырманы болсаңыз 2017 жылы «Bellagio Ballroom» мейрамханасы  туралы айтқан болатынбыз. Биылда бұл мейрамхана өз деңгейінен көтерілмесе, түсе қойған жоқ.  400 адамдық орындығы бар «Bellagio Ballroom» мейрамханасы адам санына қарай есептейді. Ал бір орынға 14 мың теңгеден келеді екен. Бір қолайлысы, бұл қаражатқа тамақ, залдың безендірілуі мен музыкалық аcпаптар да қамтылған. Мейрамхананың көлемі үлкен болғандықтан, залда лед экран орнатылған. Бұнда халық экран арқылы бір-бірін емін-еркін көре алады. Төменгі қабатында келген қонақтар үшін арнайы фуршет те қойылады. Басқа мейрамханалардан бірден бір ерекшелігі, 4 кг-дық 22 қатарлы тортты той иелеріне тегін ұсынатын көрінеді. Әрине, қалтаңызда қомақты мөлшерлі сома болса, бұл мейрамханаға той өткізуге қолайлы орын болатыны анық. Егер де тұтынушы тамақты өзім қамтамасыз етемін десе, 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражат төлейді.

 

   «Royal Hall» Мейрамханасы

Той көбейген сайын қаламызда сәнді мейрамханалар көбейіп келеді. Солардың бірі ашылғанына не бәрі 6 ай болған «Royal Hall» мейрамханасы. Бұл мейрамхана екі зал бар бірі 500 адамға арналса, төменгі қабаты 180-200 адамға арналған. Егер зал толық болған жағдайда арнайы жеңілдіктер жасалады. «Royal Hall» мейрамханасы арнайы лет экран сондай-ақ декарация мен музыкалық аспаптарымен ерекушеленеді. Ал бастапқы бағасын той мейрамханасының администраторы құпияда ұстады.

 

«Сұлтан палас» мейрамханасы

Сұлтан палас мейрамханасын сыртынан көрген қарапайым халық оны қонақ үй деп бағасынан жасқанып айналып өтуі мүмкін. Алайда бұл жердің де, аранайы той жасауға арналған мейрамханасы бар.  450 адамдық орыны бар бұл мейрамхана ерекше дизайнмен сәнделген. Сондай-ақ мәзіріде ерекше. Көбіне теңіз өнімдерінің мәзірін көруге болады. Ондай мәзір әрине өзіңізге байланысты.  Орта есеппен «Сұлтан палас» мейрамханасының бағасы 672 000 мың теңгені құрайды.

 

  «Диас» Мейрамханасы

Қаланың орталығында орналасқан «Диас» мейрамханасы екі қабаттан тұратын жаңадан ашылған мейрамханалардың бірі. Жоғарғы қабаты 300 адамға арналған болса төменгі қабаты 140 адамға арналған.  Жалдау бағасы 300 орындық 650 мың теңге.  180 адамға арналған орындық 300 мың теңгені құрайды.  Егер зал толық болған жағдайда арнайы мейрамхана атынан жеңілдіктер болады. Алайда мәзір бойынша ешқандай жеңілдіктер жасалмайды.  Мейрамхана іші ерекше дизайнмен өрнектелген.


«Салтанат сарайы» мейрамханасы

«Салтанат сарайын» көпшілік халық неке қыюға ғана арналған деп ойлайды. Алайда, бұл жерде той жасауға арналған арнайы мейрамханасы бар екендігінде ескерте кетейік. Ерекше дизайн мен көмкерілген бұл мейрамхана 420 орынға арналған.  Бұл жерде той жасаған кез келген адам жоғарғы деңгейде өткізе алады.

 

Автор: Асем Жолдыбаева

Фотограф: Жолдас Үсенғалиев

 

  

   

Расскажи друзьям
Читай так же