ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулық аралас жекпе-жек шеберлері үш алтын жеңіп алды

Просмотров - 24
12.05.2018

8-11 мамыр аралығында Астана қаласында ММА спортынан VI Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген спортшылар қатысқан болатын. «Бауыржан Берғали мен Қабдиев Манап баптайтын Атыраулықтар 3 алтын және 3 қола медальға ие болды», — деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ересектер арасында Молдағалиев Олжас өзінің Қазақстандағы ең үздік аралас жекпе-жек спортының шебері екенін дәлелдей алды. Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 61,2 келі салмақта ел чемпионы атанды. Одан бөлек 70,3 келіде Бекмұратұлы Аманбек қола жүлдеге ие болды.

Жастарымыз жақсы нәтиже көрсете алды. 56,7 келіде Сергеев Ернар қарсылас шақ келтірмей жеңіске жетті. Қыздар арасында Ахметова Диана 70,3 келіде — алтын медаль иегері атанды. 65,8 келіде Ажимкулов Данияр және 70,3 келіде Абубакиров Тұрлан қола жүлдеге ие болды.

Расскажи друзьям
Читай так же