ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогының иегері атанды!

Просмотров - 229
13.12.2018

Алматы қаласында Конфедерация Кубогының ақтық кезеңдері өтті. Дзюдо күресінен Атырау облысы айтулы доданың жеңімпазы атанды.


Конфедерация Кубогының «С» тобындағы іріктеу кезеңі 28-ші қазан күні Атырау қаласында өтті. Онда командамыз қарсылас шақ келтірмей, финалдық кезеңге жолдама алған болатын.

Спортшыларымыз жартылай финалда БҚО командасын 4:2 есебімен ұтса, финалда Қарағанды облысы командасын дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Атырау құрамасы сапында Ақжол Қайыпхан, Назгүл Құбашева, Қапсалықова Сайда, Самиғоллаева Эльмира, Теміржанов Ержан, Майлашев Наурызбай, Закарияев Сұңғат және Қалиев Арман белдесті.


-Атырау облысы құрама командасы сапында бірде-бір ел чемпионы болмаса да, спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың бірлескен жұмысы арқасында жеңіске жеттік. Қазіргі таңда Атырауда дзюдо күресі жоғары қарқында дамып келеді. Спортшыларымыздың бүгінгі жеңісі соның дәлелі. Былтыр конфедерация кубогында қола жүлдеге ие болсақ, биыл алтын жүлдегер атанып отырмыз — дейді Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Айта кету керек, қараша айында өткен Қазақстан чемпионатында атыраулық спортшылар командалық сында чемпион атанған болатын.

Конфедерация кубогы – 2016 жылдан бастап спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұйымдастыруымен қолға алынған командалық жарыс. Онда бокс, дзюдо, таеквондо, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресінен сайыстар өтеді. Жарыстың жүлде қоры – 145 млн теңге.

Расскажи друзьям
Читай так же