ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулық дзюдошылардың жұлдызды шағы!

Просмотров - 230
22.11.2018

Жақында ғана Астана қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің кіл мықтылары жиналған бәсекеде Атырау облысының спортшылары кермет нәтижеге қол жеткізді.

Ақжол Қайыпхан, Назгүл Құбашева және Сайда Қапсалықова чемпионаттың ақтық сынына дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Эльмира Самиғоллаева мен Арман Қалиев болса қола жүлдегер.

Жеклей сында алтын жүлде бұйырмағанымен командалық тартыста атыраулықтар тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Құрамада Сұңғат Закарияев, Сүйінбай Нұрлыхан, Ержан Теміржанов, Арман Ірғалиев, Тілекші Дүйсенова және Гульзада Алмаз күресті. Барлығына да Қазақстан чемпионатының алтын медльі тағылды.

Спортшыларды дайындаған облыс аға бапкерлері Рашид Кұлбаев пен Меиржан Есмағамбетов. Спортшыларымыздың жеке бапкерлерін де айтулы жетістікпен құттықтаймыз. Алда Алматы қаласында өтетін Конфедерацияның ақтық кезеңдері күтіп тұр.

Расскажи друзьям
Читай так же