ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулық хоккейшілер жылды жеңіспен бастады

Просмотров - 282
23.01.2017

Атырау облысының «Бейбарыс» хоккей командасы Қазақстан тарихында тұңғыш рет хоккейден Құрлықтық кубоктың Суперфиналында күміс жүлдегер атанды. Осыған орай, 21 қаңтар күні Х.Доспанова атындағы мұз айдынында жеңімпаздардармен кездесу өтті. 

Жиында алғаш болып сөз алған Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет: 

«Бейбарыс» командасының жеңісі тек Атыраудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Өйткені, суперфиналда Қазақстандық командалар жүлде алған емес. Біздің команда ең алғашқылардың бірі болып осындай айтулы сайыста жүлде иеленіп отыр. Бұл үлкен жеңістердің бастамасы ғана деп білемін.

Жақында ғана Қазақстан Республикасы Хоккей Федерациясынан алғыс хат келіп, онда «ел тарихында тұңғыш рет құрлықтық кубоктың суперфиналын бағындырған команда» деп жазылған. Мен осындай дәрежедегі хоккей командасының облысымызда болғанына мақтанамын»,- деді спорт басқармасының басшысы.

Облыстық хоккей федерациясының президенті Беркімбаев Бурихан хоккейшілерге алғысын білдіріп, құраманың бас бапкері Истомин Александрға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағы берілетінін айтты. Одан бөлек жеті жыл бойы «Бейбарыс» командасымен бірге болып, жетістіктерге жетуге ат салысқан спортшыларға «Спорт шебері» атанатын болады.

«Атырау облысының командасы алғаш рет Қазақстан біріншілігіне қатысқанда күміс жүлде иеленген болатын. Биыл суперкубокқа да алғаш рет қатысып, күміс жүлдегер атанды. Қазіргі таңда еліміздің үш дүркін чемпионы «Бейбарыс» командасы суперкубокта да үш дүркін чемпион атанатына сенеміз», — деді жиынға келген жанкүйерлер. 

Айта кетсек, құрлықтық кубоктың Суперфиналында Еуропа құрлығындағы ең мықты командалар іріктелініп алынды. Италияның Ренон қаласында өткен биылғы сайыс осымен жиырмасыншы мәрте өткізіліп отыр. Суперфиналда Атыраулық «Бейбарыстан» бөлек,  Даниялық «Оденсе», Италиялық «Риттен Спорт» және Ұлыбританиялық «Ноттингем Пантерз» командалары қатысты. «Бейбарыс» өткізген үш ойында да ұпай еншіледі. Жарыстың «үздік сұр мергендері» болып «Бейбарыстың» ойыншысы Альберт Вишняков танылды. 

Сонымен қатар, 2016 жылы хоккейге қатысушы жастардың саны небары 40-тан асса, биыл ол көрсеткіш 3-4 есе ұлғайып отыр. Клуб директорының хабарлауынша, дәл қазіргі күні мұз айддынында 140 жас бүлдіршін шайбалы хоккей үйірмесіне қатысуда.

 

Расскажи друзьям
Читай так же