ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулық спортшылар Универсиадада бақ сынайды

Просмотров - 223
11.01.2017

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін 28-Универсиада ойындары еліміз үшін үлкен сын болатыны анық. Мыңдаған жанкүйерлер келіп, миллиондаған көрермен көгілдір экраннан спортшыларымыздың жеңісіне куә болатын байрақты бәсекеде үш бірдей шорт-трекшіміз облысымыздың намысын қорғамақшы. Олар: Ольга Тихонова, Ким Ён А және Денис Никиша.

Осыдан үш ай бұрын Универсиада ойындарына қатысатын құраманы анықтау мақсатында өткен ҚР Кубогында атыраулық Ольга Тихонова мен Ким Ён А үздік деп танылып, кейін Корея елінде өткен әлем кубогына үлкен тәжірбие жинаған еді.

Американың Солт Лэйк Сити қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстандық шорт-трекшілер эстафетада қола жүлдегер атанды. Олардың ішінде жерлесіміз Денис Никиша да бар. Денис Никиша желтоқсан айында Корея елінің Канның қаласында шорт-трек спортынан өткен әлем кубогында да күміс жүлдегер атанған болатын.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айтуынша, Универсиада ойындарынан соң Атыраудағы шорт-трек спорты жаңа деңгейге көтеріледі.

Айта кету керек, Атыраулық шорт-трекшілер Қазақстандағы үздік спортшылардын бірі болып саналады. Ендеше, 28-Универсиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

                                                                                                                                                  

Расскажи друзьям
Читай так же