ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулық студенттер АМӨЗ қалдықтарынан той киімдерін тікті

Просмотров - 312
30.11.2021

Карнавал мен сауық кештеріне арналған костюмдер мен көйлектер, зертханалық халат, комбинезон, той көйлегі мен смокинг – осының барлығын тігу үшін жергілікті студенттер Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнай қалдықтарынан шыққан өнімдерді пайдаланған.

С.Өтебаев атындағы университеттің студенттері резеңкеден, синтетикалық мата мен пластиктен, полимерлі пленкадан және полиэтилен пакеттерден жасалған киімдерді «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 30 жылдығына арналған мерекелік шарада таныстырды.

– Көпшілік мұнайды тек жанармай өндіретін шикізат деп ойлайды. Бірақ олай емес, шын мәнінде, шикізаттан алуан түрлі материал дайындауға болады. Ойыншық, мата, дәрі-дәрмек, тіпті жөргек секілді күнделікті қажетті бұйымдарды мұнайдан жасайтын мүмкіндік бар. Тоқыма өндірісінде де өндірушілер синтетикалық матаны кеңінен пайдаланады. Мысалы, полиэстерден жасалған жұмыс киімі созылмайды, жууға оңай, – дейді университет студенттері.
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Атырау мұнай және газ университеті «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына студент қабылдай бастады. Осы 30 жыл уақыттың ішінде 4 мыңнан астам маман түлеп шыққан. Қазір олардың көбі АМӨЗ және басқа да мұнай компанияларында жұмыс істейді.

Расскажи друзьям
Читай так же