ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

АТЫРАУЛЫҚ ТАЭКВОНДОШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 6 АЛТЫН, 1 КҮМІС АЛДЫ

Просмотров - 315
11.11.2021

Пәкістанның Исламабад қаласында өткен «2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships» халықаралық турнирінде атыраулықтар командалық есепте көш бастады.

«G-1 дәрежесінде өткен жарыста Атырау облысының таеквондошылары 6 алтын және 1 күміс медалін жеңіп алды.
Атап айтсақ, Айдана Еділбаева, Нұрай Бауыржанова, Жадыра Хайруллина, Нұрай Хусайнова, Джансель Дениз, Айгүл Елубай турнир чемпиондары атанса, Диана Әбсенова күміс медальға қол жеткізді» делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.

Жарыс қорытындысында Жансель Дениз «Үздік спортшы» және Сәуле Сардарова «үздік жаттықтырушы» аталымдары бойынша арнайы марапатталғанын да айта кетейік.

Расскажи друзьям
Читай так же