ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Атыраулықтар Олимпиада ойындарынан оралды.

Просмотров - 160
25.10.2018

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындары өтті. Байрақты бәсекеде қос Атырау облысының спортшылары: баскетбол спортынан Ерқанат Қайрошев және каратеден Әбілмансұр Батырғали бақ сынаған болатын.


Әбілмансұр Батырғали Олимпиада ойындарында 4 кездесу өткізіп, қола жүлдегер атанды. Бүгін спортшыларымызды әуежайдан туыстары, спорт жанкүйерлері және қала тұрғындары салтанатты түрде күтіп алды.


Карате Олимпиада ойындарына жақында ғана енген болатын. Яғни Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасы каратешілер үшін алғашқы төрт жылдық додасы болып табылады. Дәл осы тарихи сәтте бүкіл Қазақстаннан тек қана Әбілмансұрға лицензия алу бұйырған. Ол жай ғана қатысып қана қоймай, карате тарихындағы Олимпиаданың алғашқы жүлдесін еншілеп отыр. Атыраулық спортшылар ел тарихына еніп жатса біздің мақсатымыздың орындалғаны, — дейді Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.


Атырау облысы карате федерациясының президенті Мурзиев Марат Бисенғалиұлы Әбілмансұрдың жүлделі орын алатынына сенгенін айта кетті. Бүгінде облысымызда карате спорты өте қарқынды дамып келе жатыр. Ересектер де, жастар да, жасөспірімдер де әлемдік додалардан жүлделі орындардан көрініп келеді. Әбілмансұр бұл жеңісімен тоқтап қалмай, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындардында да бізді қуантады деп сенемін, — дейді федерация президенті.

Расскажи друзьям
Читай так же