Какой сегодня день

23 октября

Болар бала жасынан...

Әр адамның болашақ тағдырына балалық шағының тигізетін әсерінің молдығын әу баста ғылым дәлелдеп қойған. Әлемдік психологтарда баланың кішкене кезінде ең көп ойнаған ойыны болашақ мамандығымен тікелей байланысты болатынын айтады. Бұл орайда перзентінің өмірде өз орынын тапқанын қалайтын ата-ана кішкене кезінен бастап, баласының бойындағы  ерекше қабілеттерін аша білуге тырысуы қажет. Өйткені, баланың бойында тума талант болмаса да, табиғат оған ерекше қабілеттер сыйлайды. Тек балаға кішкене кезінен бастап, неғұрлым көп көңіл бөлінетін болса, соғұрлым нәтижесі де көбірек болмақ.

Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміздің мүлдем бос уақыттары жоқ. Олар бір күнде бірнеше үйірмеге қатар барады. Ата-аналарының айтуынша, бала жан-жақты болған сайын ой-өрісі де жоғарылай түседі.

Өнерге әркімнің-ақ таласы болса да, нағыз таланттылар тал бесікте жатқан кезінен бастап таныла бастайды. Олар бойларындағы дарындарының арқасында елдің көзіне ерте түсіп, үнемі назарда жүреді.

Бүгінгі біздің қонақтарымыз да облысымыздың атын республикалық ғана емес, халықаралық байқауларда танытып жүр. Олар: Аманқос Дильназ, Молдырахман Мәтен  және Ерсаин Каусар

Аманқосқызы Дильназ, 5 жаста

Дильназ биыл бірінші сыныпқа барады. Алайда оның бүгінге дейін жеткен жетістіктеріне қарап отырып, «биыл мектеп бітірген кей оқушылардың осындай жетістігі бар ма екен?!» деген ой келеді. 3 жасында баласының бойындағы биге деген ерекше қабілетін байқаған анасы жасының жетпеуіне байланысты жарты жылдан кейін ғана Дильназды би үйірмесіне жазады. Ортаға тез сіңісіп кететін балақай алғашқы айдың өзінде көпшіліктің арасынан дараланып, тобымен түрлі байқауларға қатыса бастайды.

Бір жылдан кейін музыкалық мектептің шәкірті атанған Дильназ «Жадыра жастары», «Ақ көгершін» байқауларының жүлдегері. Оның сахналық костьюмдері арнайы тапсырыспен тігіледі. Жақында ғана Алматы қаласында өткен Халықаралық сән байқауының 1 орын иегері. Қазіргі уақытта сән мектебі мен гимнастиканы да қоса алып жүрген балапан «ешбір үйірмеге барғым келмейді» деп шағымданып көрмепті. Сахнада өзін еркін ұстай білетіндіктен, көрермен көзайымына айналған.

«Мен ата-аналарға баланың икемі болсын, болмасын үйірмеге беріңіздер деген кеңес беремін. Өйткені, өнерге жақын өскен баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгеше болады. Мейлі, ертең ол өнер жолын таңдамаса да, көкірегі ояу азамат болып өседі. Кей ата-аналар барлық үйірме ақылы деп ойлайды. Алайда, ерінбей қатыстыратын болса, тегін үйірмелер өте көп. Тек баланың жас кезіндегі бос уақытын текке жіберіп алмауды қадағалау қажет»,-  дейді Диьназдың анасы Елешова Айнұр. 

 

Молдырахман Мәтен, 10 жаста

Мәтеннің өнер әлемінде жүргеніне 4 жыл болды. Азғантай уақыттың ішінде облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше  жеңімпазы атанған өнерпазды Атырауда танымайтындар аз шығар. Өйткені, ол қазақтың ең үлкен қуанышы тойларда да өнер көрсетеді. Әсіресе, оның ән айтқан кездегі ерекше би қимылдары кім-кімді де таңғалдырары сөзсіз. Репертуарында 15 ке жуық әні бар жас талант болашақта жеке әндерін жаздыртуды жоспарлап отыр. Үйірме көп болса сабақ үлгерімі төмендеп кетеді деп шешкен ата-анасы жақында футболдан шығарып алыпты. Аптаның үш күнінде вокалға баратын Мәтенге бойындағы өнер қарт нағашыларынан дарыған.

Әкесі әрі продюсері Фархадтың айтуынша, болашақта ән жеке әндерін жаздыртып, бейнебаян түсіру жоспарда бар. Ал Мәтеннің өзі болса, әдебиет сабағын сүйіп оқып, бос уақытында кино көріп, достарымен ойнағанды жақсы көреді.

Біздің келесі  кейіпкеріміз Халықаралық сән байқауының бас жүлдегері 6 жасар Ерсаин Каусар

Жақында республикалық Айгөлек бағдарламасын жүргізуге ұсыныс алған Каусар болашақта актриса болуды армандайды. 4 жасынан бастап ән мен биден бөлек, шахмат, актер шеберлігі сабағына қатысатын кейде ойын ойын ойнауға да уақыт таба алмай жатады. Сахналық киімдерін отандық дизайнерAYOKA BO-ға  тіктіртетін ата-анасы қыздарының өнер жолын таңдағанын қалайды. Балақай үйде ерке болғанымен, достарының арасында көпшіл әрі тіл тапқыш.

 

Өнерлінің өрге жүзетіні ақиқат. Осындай өнерлі балапандар барда қазақ өнерінің асқақтай беретіні де белгілі. Тек оларды періште армандары адастырмай, қанаттары талмаса екен.

Еліміздің атын асқақтатып, жүрген жас дарындарға өмір мен өнерде жолдарың болсын деген тілек білдіріп, сәттілік тілейміз!  


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.