Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Сергей Журавлев: «Uptivity» Атыраудың брендіне айналады

Арамызда ойы жүйрік, жігері мықты жастар бар. Соның бірі, Жезқазған қаласының тумасы, қазіргі атыраулық Сергей Журавлев. Ұлты - татар болғанына қарамастан, қазақша еркін сөйлейтін жас кәсіпкер осыдан үш ай бұрын қаламызда жастарға арналған орталық ашқан болатын. Жайлы әрі жаңаша стилдегі «Uptivity» орталығын ашу Сергейдің ойына қалай келді және орталықты ашу үшін қанша қаражат кеткенін жас кәсіпкер бізге берген сұхбатында баяндайтын болады.

Төрт тілді жетік білемін

Мен Жезқазған қаласынан Атырауға 18 жасымда көшіп келдім. Жезқазған қаласындағы №21 орта мектепте 7 сыныпқа дейін оқып, әрі қарай қазақ-түрік лицейіне ауыстым. Мектепте қазақ тілінен өтетін олимпиадаға белсенді қатысқандықтан, қазақ тілінде еркін сөйлей аламын. Бастапқыда Алматы қаласына әскери оқуға түскім келген. Алайда, белгілі себептерге байланысты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне аудармашы мамандығына оқуға түсу бұйырды. Оқуымды аяқтағаннан кейін бірнеше жыл қатарынан қазақ-түрік лицейі мен Назарбаев зияткерлік мектебінде мұғалімдік қызмет атқарып келдім. Бұл қызметте жүрсем де, тек қана аудармашы болып қалғым келді. Сол ойдың жетегінде жүріп, аудармашы болып қызметке тұрдым. Жұмыс қолайлы болғанымен, еңбегімді ешкім көрмейтін. Әрі басқа салада бағымды сынағым келді. Бір күні досым маған «Аpec» петротехникалық колледжінен инстурктор мамандығын оқып алып алғаннан кейін сол мамандыққа қызметке тұра алатындығымды айтты. Әрине, өзіме керек мамандық та осы еді. Ойланбастан, досымның айтқан ұсынысын қабылдадым. Оқуым аяқталғаннан кейін ТШО-да инструктор қызметкері болып жұмысқа орналастым. Сонымен қоса, Атырау мұнай газ университетіне ағылшын тілі мамандығынан да дәріс бердім. Екі жерде бірдей жұмысты атқарып жүргендіктен, ол кезде қалтамда қаражатым да мол болды.

Мен қалай бизнеске келдім?

Менің бизнес саласына келуім қызық болды. Үнемі: "мен неліктен бастықтарға жұмыс жасауымыз қажет?" деген ой туатын. Анығында, қызмет етіп жүрген орынымның жұмысы аса бір қиын емес болып көрінді. Осы ойдың жетегінде жүріп, ақырындап өзімді бизнес саласына дайындай бастадым. Бұл салада қызмет етіп жүрген досым маған И.К.Адизеc "Идеальный руководитель" деген кітапты оқы деп кеңес берген. Бастапқыда бұл кітапты оқу қиын болды. Тілі түсініксіз болғандықтан, бірнеше мәрте қайталап оқып шықтым. Маркетинг, жарнама деген дүниелерден хабарым болмағандықтан, Алексей Иванов "Реклама" мен Джеффри Фокс "Как стать суперзвездой маркетинга" кітаптарды сатып алдым. Осылайша, бизнес саласына оқу қажет кітаптарды аяқтап, «Тенгизшевройл» компаниясында менеджер бөлімінің бас маманы болып қызметке тұрдым.

Әрине, Атырауға келгеннен кейін біраз достарым да болды. Олармен жақын араласып, үнемі кездесетінбіз. Сондай кездесудің бірінде «Неге осы бәріміз жиналып отыратын демалыс орны жоқ?» деген ой туды. Шынымен де, Атыраудан ондай жерді таба алмадық. Басында демалатын орталық ашам деп ойлағам. Кейін, мейрамханаға тоқталдым.

 

Кәсіп бастау үшін жарты жылдай уақыт кетті

Атыраудың біраз жерін шарлап, жалға орын іздей бастадық. Бізге ұнағанымен, бағасы қымбаттау болды. Адамның жүре берген сайын алдынан түрлі қиындықтар кездесе береді екен. Бизнес те дәл осындай. Өйткені, Аманат досым екеуміздің ойымызда түрлі идея болғанымен, жарты жылдай оны жүзеге асыра алмай жүрдік. Іздей келе Аманат бір күні осы «Uptivity» орналасқан жерді тауып алды. Алғаш келгенімізде бұл жер спорт зал болатын. Орналасқан аумақ бізге қолайлы болғандықтан, жобасын ойлауға бізге бір апта көлемінде уақыт берді. Орын кең болған cоң, бөлмелерге бөліп те жасағымыз келген. Тіпті, караоке де орнату да ойда болды. Бірақ, оны жасауға қаражатымыз жетпей қалды. Бір түннің ішінде жобасын сызып, жұмысшыларға көрсеттік. Бірінші кинотеатрды жасап алып, үш айдың ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Алғашқы қонақтарды болып, менің жұмыстастарым келген.

Біз капиталды қайдан алдық?

Бұл кәсіпті Аманат досым екеуміз бастағандықтан, барлық шаруаны бірлесе атқарып келеміз. Қазір оның медицинамен айналысатын клиникасы бар. Мен жұмысқа кетіп қалғанда өзі келіп қарап кетеді. Әрине, екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Біз арадағы достықты сақтап қалу үшін Қанат есімді досымыз біз жоқ кезде барлық шаруамен өзі айналысады. Қаражат жағын бәрі өзі жіті қадағалайды. Бұл кәсіпті бастарда қиындықтар кездесе берген соң, көңіл-күйім түсіп кеткенде Аманат мені үнемі қолдайтын.

Шамамен, орталықты ашу үшін 15 миллионнан астам қаражат кеткен шығар. Ал ол капиталды біз қайдан алдық? Біріншісі, қаражатымыз несие болатын. Негізінен, несие алу өте қауіпті. Оның үстіне, бизнестен мүлде хабарымыз жоқ. Құрылыспен де айналысып көрмедік. Банктен қомақты мөлшердегі қаражат алғаннан кейін, бойымызда үрей болды. Десе де, бір-біріміздің қолдауымыздың арқасында, қиындықтың бәрін жеңдік. Жалпы, біздің есептеуіміз бойынша алты миллиондай қаражат кету керек болатын. Тіпті, ол ақша артығымен жетеді деп ойладық. Құрылыстың жарты жолына келгенде жинап қойған сегіз миллион теңге қаражатымыз бітіп қалды. Ақырында дейін ақша жағын реттеп, барлық қиындықтарды мойымай осындай орталықты аштық.

Неліктен аты «Uptivity» деп аталды?

Шыны керек, біз орталықтың атын қоярда ұзақ ойладық. Басында тілге жеңіл болсын деп «spot» деп атағым келген. Ғаламтордан қазіргі заманға сай негізделген аттарды іздей бастадық. Анығында ол есімдер плагиат болып қалатын еді. Ойлана келе, «uctivity» деп атағымыз келетін. Ал «uctivity» пайдасыз деген мағына береді. Ал «uptivity» соған ұқсас сөз. Ғаламтордан да басқа кәсіппен айналысатын тек бір компанияның атын ғана кездестірдік. Дизайнерге қандай болатынын түсіндіріп, бізге бір аптада бірнеше логотиптерді көрсетті. Бір қызығы, өзіміздің аттарымызды қысқартып алып, басқаша сөз құрастырғымыз да келді. Оның мағынасы түсініксіз болып қалар деген оймен, ақырында uptivity-ға тоқталдық.

«Uptivity» жарты жылдың ішінде өз-өзін толықтай ақтай алады. Қазір ешқандай жарнамамен айналысып жүрген жоқпыз. Алғашқы қонақтарымыз достарымыз болғандықтан, тек әлеуметтік желілерге бөлісіп жүрді. Әдетте, қандай кәсіпкер болмасын бизнес жоспарын құрады. Ал біздің жоспарымызға сәйкес құрылысы жұмыстары қараша айында басталып, желтоқсан айында біту керек болатын. Бұл жоспар орындалмай, ақпан айында ғана ашылды. Сондықтан, бизнес жоспардың толықтай орындалмайтына сеніміммен айта аламын.

Халық 3000 теңге төлеп, бір күнін өткізе алады

Бұл саланы зерттеу үшін Аманбек екеуміз әр демалыс сайын мейрамханаға барып жүрдік. Мәселен, сіз клубқа барсаңыз, екі адамға кем дегенде 30 мың теңге ақша кетеді. Ал бұндай ақшаны күнде жоя бере алмайсың. Біздің мақсатымыз – халық асықпай әңгіме айтып, қаражаттың қолжетімді бағада болуы. Атырауға көп орындарда арақ қойылады. Біздің ерекшелігіміз - спирттік сусындардың болмауы. Оның үстіне, 3000 теңге төлеп, уақытын тиімді өткізе алады.

Әуелі, Атырауда сапалы қызмет көрсетіп, тамақтанатын, достарыңмен әңгіме-дүкен құратын ыңғайлы орын жоқ деп ойлаймын. Бұл біздегі ең бірінші айырмашылық. Көпшілік жұрт бізді антикафемен шатастырды. Жоқ, олай емес. Мәселен, сіз антикафеге барсаңыз, сағатына 1000 теңге ғана төлейсіз. Оның үстіне, тамақтанғаныңыз келсе, мейрамханаға бару қажет болады. Кино қарағыңыз келсе, 1500 теңге және playstation-ге барсаңыз, 500 теңгедей қаражат кетеді. Сонымен қоса, бұлардың арасы тым жақын орналаспағандықтан жолға да шығындалып қаласыз. Ал бұл сізге тиімдірек болмайтыны анық. Uptivity-да 3000 теңге төлеп, киноны да, ойыңды мен тамақты да іше аласыз. Қанша уақыт өткізгіңіз келсе, сонша уақыт бола аласыз. Қазір халық сушиді де сұрап жүр. Алдағы уақытта суши пісірілетін орын да ашылады.

Қызметкерлерді «Бизнес по-казахский» филіміндегідей тандадық

Жақында "Бизнес по-казахский" филімі жарыққа шыққан болатын. Біздің қызметкерлерді таңдауымыз да сол кинодағыдай секілді. Барлық қызметкерлер достарымыз бен туысқандарымыздың жақындары. Қызметкерлеріме бастық ретінде талап қоймаймыз. Басты міндеттері қонақтардың көңілінен шығуы. Сапалы қызмет көрсету бірінші орынға ие. Оларға: «мейлі, саған қонақ ұнамасын, бірақ, жақсы қарсы алуға тиіссің» деймін. Әзірше, бұнда 7 қызметкер жасайды.

Шамамен, айына 1 миллионнан астам кіріс кіреді. Жарнама болмағандықтан, бұл қаржы аз. Бізді халық қайдан естиді? Көпшілігі достарынан. Мәселен, маған «осындай күшті жер бар» десе, қолымнан жетектеп апармаса бармаймын. Бізде жұмыс кешкі 6-да басталғанымен, халық қай уақытта келсе, сонда ашуға әзірміз. Мәселен, кішкентай баланың туған күні өткізгісі келсе, әр адамға 4000 теңге төлейді. Біз бонус ретінде 4 пицца беріп, басқа тағамдар алып келуіне рұқсат береміз. Сондай-ақ, тренинтар мен іс-шараларда өткізіліп тұрады. Мереке күндері жеңілдіктер жасап тұрамыз. Қонақ кітап алып келсе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылады.

Алда кездесетін қиындықтардан мойымаймын

Бұл кәсіпті бастар кезде Аманат екеуміздің анамыз қатты қуанды. Әрине, олар көпті көргендіктен, бәрінің жақсы болатынына сенім артамыз. Бизнесті неліктен Аманат екеуміз бастадық? Біріншіден, екеуміздің отбасымыз жақын араласады. Сонымен қоса, бір-бірімізден үйренетініміз тұстарымыз өте көп. Мен жалғыз бұл кәсіпті алып жүре алмайтын едім. Аманат ұйымдастыру жағынан жақсы болса, мен адамдармен тез тіл табыса аламын. Кәсіп бастаймыз деп қаншама қиындықты бастан өткердік. Мойымадық, бәрін өз күшіміз бен достарымыздың қолдауының арқасында өткердік. АҚШ-тың қазіргі президенті Доналд Трамптың сұхбатын оқыған едім. Журналист: "басыңыздан өткерген қиындықтарды қалай жеңе білдіңіз?" деп сұраса, құрылыстың аяқталар уақытында қаражатым таусылып қалды. Ал маған жоспар бойынша бұл пәтерді сатып, қарызды жабу керек еді. Алайда, менің қаражатым жоқ. Көшеде өтіп бара жатып, қайыршыға көзім түсті. Мен оны көріп, мотивация ала алдым» деп жауап берген. Ойлап қарасаңыз, қиындық әр адамның басында болады. Донел Трампта осындай ауыртпашылықтың бәрін жеңіп, президенттікте дейін көтерілді. Міне, осындай адам қиындықты жеңе білсе, біз неге әлсіз болуымыз қажет?!

«Uptivity» Атыраудың брендіне айналады

Ойымызда бірнеше жобалар бар. Бизнес саласында 11 сынып оқушыларына арнап, тренингтар өткізгім келеді. Қазір жастар мамандық таңдауда қатты қателеседі. Тренинтің басты мақсаты да сол болмақ. Одан кейін uptivity-ді жандандарып, тағы да басқа саладағы орталық ашып, Атыраудың брендіне айналдыру ойда бар. Еліміздің басқа өңірлеріндегі ашамын деген кәсіпкерлерге де көмектесеміз. Uptivity-да жарнаманы күшейтуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, халықтың қызығушылығына орай үстел теннисі мен футбол, гольф ойындарын әкелеміз.

Жастарға кеңес: Біздің қазақтың жігерлі жастарына мотивация жетіспейді. Ойында мықты идея болғанымен, оны жүзеге асыру кезінде салғырттық жасайды. Ал мен мотивацияны отбасымнан аламын. Бұрын біздің жағдайымыз аса мәз емес болатын. Сәби күнімде анамды "өскенде асыраймын" деп алдыма мақсат қойдым. Жастарға дәл осындай секілді белгілі бір ой болуы қажет. Жолың жабық бола берсе, ол түптеп келгенде айқара ашылады. Сенің де жарқырайтын сәтін туады. Ал оған жету үшін еңбектенуің қажет. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.