ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

AYDI ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ ӨТТІ

Просмотров - 100
14.09.2021

Атырау қаласында 2021 жылдың 28 шілдесі мен 28 тамызы аралығында British Council және «Шеврон» корпорациясы мен Атырау облысы әкімдігі серіктестерімен бірлескен «ISEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасы аясында AYDI жазғы лагері өткізілді. Іс-шара осы жазда бірінші рет ұйдастырылып, қатысушылар арсында керемет әсер қалдырды.
Жазғы лагерьге 160-тан аса 12-17 жас аралығындағы Атыраулық жастар қатысуға өтініш білдірді. Іс-шара онлайн форматта (MS Teams және Instagram) қазақ және орыс тілдерінде өткізіліп, әрбір легі 5 күнге жалғасты. Жазғы лагерь барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік жайында түсініктерін қалыптастырып, STEM бағдарламасына қатысты тренингтерге қатысып, танымал спикерлер ұсынылған воркшоптарда жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіндік алды. Воркшоптар балаларға арналған СММ, шешендік өнер, ТикТок, көшбасшылық, қарым-қатынас жасау, презентация жасау қыр-сырларын ашуға бағытталды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тренингінің соңғы бөлімінде, қатысушылар, Атырау қаласы үшін әлеуметтік маңызы бар идеяларымен бөлісіп, өз жобаларын қорғады. «AYDI жазғы лагері адамның ой-өрісін дамытып, қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірден бір мүкіндік. Жазғы демалысымды тиімді өткізіп, керемет достармен таныс болдым. Мен үшін 5 күн өте ерекше және қызықты болып өтті. Шексіз алғысымды білдіремін», — деп Данагүл есімді қатысушымыз өз ойымен бөлісті. Лагердің соңында әрбір қатысушы I-SEED жобасының кәде сыйлықтарымен және халықаралық деңгейдегі сертификаттарымен марапатталды.

I-SEED жобасы жайында толық ақпаратты осы сілтеме арқылы таба аласыз
https://kazakhstan.britishcouncil.org/ru/i-seed

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Ботагоз Кожахметова
Ұялы тел / WhatsApp / Telegram: +7 777 336 77 95
e-mail: Botagoz.kozhakhmetova@kz.britishcouncil.org
Сайт: www.britishcouncil.org
Facebook: @BritishCouncilKazakhstan, @atyrau.youth
Instagram: @kzbritish, @aydi.kz

Расскажи друзьям
Читай так же