Какой сегодня день

30 апреля

Біздің мақтанышымыз!

«Айбын» әскери бөлімі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қауіпсіздігін қорғайтын және Қазақстан қарулы күштерінің алдыңғы қатарлы әскери құрылымы болып табылады. Бұл қатарға әр облыстан ерекше іріктеуден өткен сарбаздар Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқаруда. Бөлімде адалдығымен және үлгілі әскери тәртібімен, жауынгерлік даярлық сабақтарын үздік меңгеріп жүрген озат сарбаздар да бар.

Солардың бірі,  біздің жерлесіміз қатардағы жауынгер Асхат Тарғынұлы Қалабаев «Айбын» әскери бөліміне келген күннен бастап, өзінің Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып келеді. 

Әскери бөлім командирі Т.Сарсикеевтің айтуынша, Асхат өзінің әскери қызметінің алғашқы күндерінен бастап, әскери өмірдің қыры мен сырын үйренуге үлкен ынта білдіріп, Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білген. Сонымен бірге, өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде тек жақсы жағынан көрініп, бөлімде өткен үздік мамандар арасындағы сайыста өз ісінің шебері екенін дәлелдеп, оқып-үйренген практикалық тәжірибесінінің аркасында үздік атқыш атағына ие болды. Жауынгерлік даярлықтың нормативтерін үнемі жоғары жоғары деңгейде орындап, өзіне жүктелген әр іске жауапкершілікпен қарай біледі және күзету іс-шараларында қырағылық танытады. Асхаттыңосындай жетістіктерге қол жеткізуінің себебі ең алдымен отбасындағы алған өнегелі тәрбиесі, мектеп ұжымының және білім алған оқу ордасының берген сапалы тәлім-тәрбиесінің нәтижесі екені анық.

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.