ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Бекзат Төлепов : «Мүмкін емес нәрсе жоқ».

Просмотров - 218
30.08.2018

Бүгінде айналаға зер салып қарар болсақ, талантты шығармашыл жастардың көп екендігін байқаймыз. Кино саласында, театр сахнасында немесе жәй ғана ғаламтор арқылы өзінің әртістік қаблетін шыңдап, көпшілікке паш етіп жүрген жандар бар. Сондай талантты, өнерпаз жігіттердің бірі Бекзат Төлепов. Бекзат бүгінде «Гувю» жобасының белсенді мүшесі қысқаша айтқанда «вайнер» , сондай-ақ Атырау өңіріндегі шығармашыл жастардың басын біріктірген «жастар театрының» әртісі. Осы орайда, біз Бекзаттың шығармашылығымен танысу үшін онымен сұхбаттасқан едік.

Бекзат, сәлем квнда ойнадыңыз,қазір гувюдің белсенді мүшесісіз. Жалпы шығармашылық жолға қалай келдіңіз?

Өнерге мен кішкентай кезден ғашықпын. Бауыржан шоуды қарап, Джеки Чанға еліктеп өстім. Оларға қарап өзімді өнерге баулыдым.

Білім алған мамандығыңыздың өнерге қатысы барма ?

Екеуі бір-біріне сәйкес келмейді. Негізгі мамандығым — мұнай құбырларын жобалаушы, ал мен қазір видеографпын.

Ата-анаңыздың көз қарасы қалай?

Мектепте жүргеннен бастап мен өте белсенді болдым. Қоғамдық іс-шараларға араластым. Сол кезде қолдады. Мектеппен қоштасқаннан кейін өмірдегі ең маңызды шешім — мамандық таңдау болғандықтан, ата-анам бағдар берді. Ал таңдаған мамандығым жоғарыда айтып кеткендей шығармашылықтан алыс.

Әзіл айтып, квнда біраз жыл ойын көрсеттіңіз. Өмірде әзілдеп жүресізбе?

Тек достарымның арасында жиі әзілдеймін.

Қазір Гувюдің белсенді мүшесіз. Гувюға қалай келдіңіз ?

Гувю ол жоба. Басты идея Аман Ерғазиевке келді. Мені оны қолдап, екеуміз бірігіп команда жинадық. Басты мақсат сапалы контент жасау. Жобаның жұмыс жасап жатқанына 2 жыл болды. Біз үшін ол жетістік.

Шығармашылыққа етене жақын жандардың қатарынансыз.Шабытты қайдан аласыз?

Мені көрген дүниемнің барлығы шабыттандырады. Мейлі ол кино болсын,тіпті ютубтан қараған видеоларым болсын. Сапалы көрген нәрсемді одан жақсырақ жасағым келеді. Ол актердің шебер ойнаған рөлі немесе жоғары деңгейде түсірілген видео болуы мүмкін.


Жиі қайталайтын сөзіңіз?

Мүмкін емес нәрсе жоқ. Осы сөз өзіме үлкен күш беріп, алға жетелейді.

Сіздің басты жетістігіңіз ?

Мақсатым көп, бірақ үлкен жетістігім әлі болмады деп есептеймін. Бірақ менімен сұxбаттасып отырғаныңыз мақтаныш деп ойлаймын.

Сұxбаттасқаныңызға раxмет. Шығармашылық табыс тілеймін.

Расскажи друзьям
Читай так же