Какой сегодня день

30 апреля

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті -Біз халықтың, биліктің психологиясын өзгертейік деп отырмыз. Жұмыс оңай емес. Бұрын-соңды жасалмаған жұмыс. 

Бағдарламаны орындау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл үшін 5 салада нақты 100 қадам жасалады. Ол жаңалықтар «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланды. Әуелі мемлекеттік аппаратты реформалау көзделіп отыр. Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады.

Жалақылары болса қызметінің нәтижесіне байланысты өсіріледі. «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылданады. Ізін ала іс басындағы барлық мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтеді. Екінші бағыт, яғни заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін салаға 19 жаңалық енгізіледі. Мәселен, сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылады. Қолданыстағы бес сатылы сот жүйесі 3 сатылы болып өзгереді.

Соттарды іріктеу тетіктері жаңарады. Болашақ судьялардың салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы талап етіледі. Жоғары сотта инвестициялық алқа құрылады. Бұл шаралар әділ сот төрелігін қарапайым халыққа да, инвесторлар мен бизнес үшін де қолжетімді етеді.

Ең көп жаңалықтар индустрия және экономика салаларының үлесінде. Жиын саны 50 жаңалық осы бағытқа тиесілі. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне беріледі. Әсіресе ауыл шаруашылығындағы. Бұл үшін Жер Кодексіне өзгерістер енгізіледі. Барлық пайдаланылмай жатқан жерлер жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға өтеді. Кейін олар епті қолға беріледі. Бір ғана ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық саланы инновациямен ұштастыруға екпін салынады. Ғылымды коммерцияландыру экономиканың басым секторларында халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру міндеттері да осы бағыттың ішінде. Еліміздің біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін тағы 5 қадам орындалады.

Ұлттық құндылықтар ұдайы дәріптеледі. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы жүзеге асырылып, қазақстандықтардың біртектілігін нығайтуға күш салынады. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтары енгізіледі. Бесінші тармақта тағы 10 «қадам» орындалады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі ықшамдалады. «Азаматтар үшін Үкімет» деп аталатын мемлекеттік корпорация құрылады. Сөйтіп халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтар бір жүйеге топтастырылады. Бұл арқылы Транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру жоспарланып отыр.

 

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.