ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Біз еліміздің сенімін ақтадық!

Просмотров - 246
24.01.2017

Мемлекет тарапынан спортқа ерекше ден қойылғалы спортшыларымыз әлемдік додаларда бағын сынап, ел абыройын асқақтатып жүр. Оған 7-21 қаңтар аралығында Ресейдің Санк Петербург қаласында өткен «Гранаткин мемориал» халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық жастар футбол құрамасы күміл жүлде иеленіп, еліміздің спорт тарихында бұрын-соңды кездеспеген ерлік жасауы бірден-бір дәлел.

19 жасқа дейігі жасөспірімдер арасында болған турнирде 16 мемлекет өзара сайысқа түсіп,  «Қазақстан U-19» құрамасы бірінші ойында Славиян мемлекетімен 0-0 есебімен, Әзербайжанды 2-2  ойынымен аяқтаса, Литва елінен келген құраманы 2-0 есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді. Алайда, біздің спортшылар финалға дейін жеңіске жеткенімен, Ресей құрамасына есе жіберіп, екінші орын алды.

Әр қаланың ең мықты ойыншылары бас қосқан құрамада біздің жерлесіміз, «ФК Атырау «командасында алты жылдан бері жаттығып келе жатырған Ерасыл Аманжол да бар.

Болашағынан зор үміт күттіретін Ерасылды кеше айтулы додадан Атырау жұртшылығы ерекше сый-құрметпен қарсы алды. 

 «Мен сондай қуаныштымын. Тіпті, әлі күнге жеңіске жеткенімізге де сене алмаймын. Әрине, мықты командалармен сынға түсіп, жеңіске жету оңайға түспеді. Барымызды салғанымыздың арқасында еліміздің үміті мен бапкеріміздің сенімін ақтадық деп ойлаймын. Мені жаттырған бапкерім Қуаныш Қабдол мен Тимур Укубаевқа ерекше ризашылығымды білдіремін»,-  деп өз әсерімен бөлісті жас аяқ допшы.

Құраманың бапкері Александар Кузнецов екі айдың ішінде мықты жігіттерді жинап дайындаған. Ерасылдың айтуынша, жарыс кезінде ешкім жарақат алмаған. Тек жартылай финалда бір ойыншы қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетіліпті. Сонымен қоса, құраманың екі ойыншысы ұйымдастырушылар тарапынан жекелей мараптқа ие болған. Олар: Еркебұлан Сейдахмет турнирдің «ең үздік шабуылшысы» атанса, Айдос Орал «ең үздік жартылай қорғаушы» деп танылыпты.

Темірбек Әшен, С. Мұқанов атындағы орта мектептің директоры:

«Ерасыл жаттықтырушылары мен өзінің тыңбай еңбектенгенінің арқасында бүгінгі жеңіске жетіп отыр. Оның мектеп кезінде де спортқа деген қызығушылығы ерекше болатын. Біз оның әрбір жетістігіне қуанамыз. Окушыларымызға үлгі етіп, мектебімізде спорт саласын әрі қарай жандандармақпыз».

Расскажи друзьям
Читай так же