ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Блаттер Астанада

Просмотров - 243
27.03.2014

Астанада «Тәуелсіздік» сарайында өтіп жатқан УЕФА Конгрессіне қатысып жатқан құрметті қонақтардың арасында ФИФА президенті Йозеф Блаттер де бар.

Блаттер сөзінің басын Қазақстан Республикасының премьер-министрі Серік Ахметовке рахмет айтудан бастады.

–Серік мырза Конгресске қатысу арқылы Қазақстан билігінің футболға деген көзқарасының оң екенін көрсеттіңіз. Сондықтан сізге айтар алғысым шексіз. Сондай-ақ, осы іс-шараны жоғары деңгейде өткізіп жатқан барлық ұйымдастырушылардың еңбегі ерен. Былтырғы жылы Қазақстан  футболына 100 жыл толды. Енді міне биыл 101 жылға аяқ басып отыр. Бұл керемет футбол атмеосферасын қалыптастырып отыр.

 — Ханымдар мен мырзалар сіздерді УЕФА-ның 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. УЕФА ықпалы жоғары әлемге танымал ірі ұйымдардың бірі. Осы жылдардың ішінде көптеген шаруалар атқарылды. Соның айғағы футболдың жоғары деңгейге көтеріліп, миллиондардың сүйікті ойынына айналуы болып отыр. Футбол әрқашан адамдарды біріктіру қажет. Біз бұл жолда УЕФА-мен бірлесіп жұмыс жасай беретін боламыз.

 Бек Төлеуов, Астана

alasharena.kz

Расскажи друзьям
Читай так же