Бүгін қандай күн?

20 қараша

Ана тілі – құдіретті тіл

Қазақ тілі – ол менің ана тілім. Оны ана тілі деп атау себебім – бізге ең алғаш ақ сүт беріп аялайтын анамыз. Бізді сөйлеуге үйрететін де – осы ана! Анамыз қандай қымбат болса, тіліміз де сондай қымбат болуы керек. Себебі, ол – біздің тіліміз ғана емес, анамыз тәлім-тәрбие алып, адамдықтың нәрімен сусындаған рухани байлығымыз. Міне, қырық екі әріптен тарайтын тағылым қандай десеңізші?!

Тіл – біздің ұлттық мақтанышымыз. Атадан балаға өнеге-мирас болып отыратын қазынамыз. Шырылдап дүниеге келген әрбір сәби есейе келе, ана тілінде әріп танып, оқу мен жазуды үйренеді. Сөз мағынасын түсініп, әдепті болуды ұғынады. Ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жаза алатын шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Өйткені, қазақ тілінің бойында халық мәдениеті мен салт-дәстүрі тұнып тұр. Оған біздің намысты, арлы, еңбекқор болуымызды үндейтін мақал-мәтелдеріміз мысал бола алады. Демек, туған тіл – адамгершілік қасиеттерге үгіттеп, білмегенімізді үйрететін және ақыл табуға көмектесетін тіл. Қазақ атамыз «Өнер – алды қызыл тіл», «Тіл қаруы – сөз» деп бекер айтпаған. Олай дейтініміз – бір ауыз сөздің бізді марқайтып, бір ауыз сөздің мұңайтып тастайтын құдіреті бар. Сөз арқылы білім алып, мамандық иесі атанамыз. Бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, жақсы сөздер естиміз. Анамыздың ақылын тыңдап, әкенің өнегесін көреміз.

Ахмет бабамыз «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген екен. Олай болса, тіл – халықтың жаны, тіл – халықтың болашағы. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры. Рухани байлығымыз. Өкінішке қарай, қоғамымызда кейбір адамдар қазақ тілі емес, өзге тілде сөйлеуді жөн көреді. Бұл – меніңше, сәби кезде нәрін татқан анаңның ақ сүтін сыйламау, су ішкен құдығыңның қадірін білмеу деген сөз. Дені сау адамдардың басында алтын тәжі бар. Ал, бұл тәжді науқас адамдар бір киіп көруді армандайды екен. Ендеше біз сол алтын тәжді киіп жүргенімізге қуанайық!

Өйткені, өмірде қанша мылқау, қанша керең, қанша сақау жандар бар?! Олар біз сияқты сөйлеп, жаза алмайды. «Ненің зарын тартсаң, соның қадірін білесің» дегендей, меніңше, олар сөз қадірін бізден де артық түсінеді. Біз осы құдіретті тілімізбен рахаттана сөйлеп жүргенімізге шүкіршілік еткеніміз жөн. Және де осы сақау, керең, мылқау адамдарға шипа беруін құдіретті Алладан тілеймін!

Менің тілім – Абай, Шәкәрім, Мағжан, Міржақып сияқты ақындардың тілі. Батырлар мен би-шешендердің тілі. Олай болса, өзін қазақпын, осындай атақты ақындардың ұрпағымын дегенәрбір бауырымыз қазақ тілін білуі тиіс. Осы тілде сөйлеп, тілдің құдіретіне бас июі керек.

Осындай ана тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғап, келер ұрпаққа аманаттау – баршамыздың туған ел алдындағы парызымыз!

 

Аманбай Амина

№28 жалпы білім беретін орта мектептің 5 сынып оқушысы

Суреттер ғаламтордан алынды


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.