ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға арналған «I облыстық ашық шахмат турнирі»

Просмотров - 175
26.09.2018

21 Қырқүйек күні Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Орта және арнаулы оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша қызметтер» жобасы аясында  «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға арналған «I облыстық ашық шахмат турнирі» сайысы өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты Бопылдықов Асқар  Төребайұлын еске алып, оның өмір жолдарын жастарға үлгі ету. Жастар арасында шахмат ойынын насихаттау  және дәріптеу,студенттердің шахмат ойнауға деген қызығушылын, белсенділігін арттыру. Облыс жастары арасында достық байланыстыру нығайту.  Шахмат турниріне  Атырау облысының жоғарғы оқу орындарынан және арнаулы орта оқу орындары студенттері қатысты. Жарыс ФИДЕ кодексі негізінде 6 турдан тұрды. Әр ойыншыға бір парияға 15 минуттан уақыт беріліп отырды.

Облыстық шахмат  турнирі қортындысы бойынша, қыздар арасында: III ОРЫН: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенті Мақсот Томирис
II ОРЫН: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенті Меңдекенова Бекзада
I ОРЫН: Атырау инженерлік — гуманитарлық институты Елеусін Жұлдыз
Ұлдар арасында: III орын: Атырау мұнай газ университеті студенті Шаймардан Тұрар
II орын: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенті Мақсот Айбек
I орын: Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі студенті Харошев Нұрбек иемденді.

Расскажи друзьям
Читай так же