Спорт

26-30 сәуір аралығында қаламызда Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнирі өтті. Бес күнге созылған бокс бәсекесіне Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынады. 60 келі салмақта Ордабаев Ержан қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Финалда жерлесіміз Өзбек ұлтының боксшын […]

Атырау қаласында тұңғыш рет таэквондодан ІХ Азия чемпионаты басталды. Бір аптаға созылатын спорт мерекесін Атырау облыстық әкімдігі мен Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ұйымдастырды. Азия чемпионатына әлемнің төрт бұрышынан 25 команда, 500-ге жуық спортшы мен мыңға жуық көрермен қатысуда. Осы шараға орай, Жайық жағалауында этноауыл бой көтерді.WТF таэквондосы облыстық федерациясының президенті Арман Тоғаевтың айтуынша, этноауыл чемпионат қонақтары […]

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль “Канело” Альвареспен өтетін жекпе-жектің пайдасына маусым айында ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен өтетін кездесуден бас тартты, – деп хабарлайды Vesti.kz дереккөздерге сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, Головкиннің командасы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Сондерспен келіссөздер жүргізген. Олардың жекпе-жегі Қазақстанда 10 маусымға белгіленген болатын. Алайда көптеген […]

Ақсай ауылынан шыққан 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды. «Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскелеңде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», — деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш. Бапкердің […]

Бүгін облыстық мамандандырылған бокс клубында 2003-2004 ж.т. туылған жасөспірімдер арасындағы Атырау облысының іріктеу чемпионаты өтті. Сайысқа Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Мақат, Исатай ауданы және Атырау қаласынан 200-ден астам боксшы қатысты. «Жастардын боксқа деген қызығушылықтары жоғары. Бұған дәлел, бүгінгі жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігін мысал етіп алуға болады. Бәрі де чемпион ағалары секілді әлемдік денгейдегі спорт шебері атануды […]

Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жасаған тірліктері ерлікпен пара-пар. Дені сау адамдардан мың есе артық. Бұл біздің парадзюдошы спортшыларымыз. Құрылғанына небәрі бір жыл толса да, жарыстардан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ал, былтырғы жылы бұл федерацияда қандай игі істер жасалды? Алда не күтеміз? Міне, осы сауал төңірегінде бүгін «Ренессанс» қонақүйінде жиын өткізілді. Жиында федерация […]

«Астана арландары» — бүкіл әлемге әйгілі боп үлгерген команда. Алып бокс державасынан шыққан команданың жекпе-жегін тамашалауға Атырау жұртшылығы да мүмкіндік алып отыр. Ертең Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 7-ші маусымы аясында «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» арасындағы кездесу болмақшы. Осыған орай, бүгін «Байзар» сауда орталығында жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясы өтті. -«Астана арландары» секілді бокс командасының Атырау […]

Бүгін жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен əйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Еліміздің түкпір — түкпірінен жиналған 200- ден астам жекпе-жек шеберлері екі күн бойы үздіктерді анықтайтын болады. Ел чемпионатының ашылуына облыс əкімі Нұрлан Асқарұлы келіп, спортшыларға сəттілік тіледі: «Атырауда бүгін үлкен спорт додасы өтуде. Кез-келген спорт түрі үлкен күш пен еңбекті талап […]

Құсбегілік өнер — қазақ халқының қанына сіңген, көне дәстүр. Ежелгі заманнан бері бастау алған өнердің бұл түрі атадан балаға мұра болып жалғасып келеді. Оны халық жадында ұмыт қалдырмау, қайта жаңғырту мақсатында жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіліп тұрады. Биыл да бұл дәстүр өз жалғасын тауып, Жаңаталап ауылында «Қансонар — 2017» құсбегілер арасындағы республикалық турнирі өткізілді. […]

18-19 ақпан күндері «Мұнайшы» спорты кешенінде Қазақстан Республикасына танымал жаттықтырушы Сарбаев Айдар Келдiбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен батыс аймақтық турнирі өтті. 2004-2009 жылғы жасөспірімдер арасында өткен жарысқа облысымыздан бөлек, Шымкент, Бәйгетөбе, Жаңаөзен, Құрық, Ақтөбе, Жаңақала, Шұбар, Қандыағаш, Бөдене, Ырғыз, Алға секілді өңірлерден командалар келген. Маңғыстау облысының жаттықтырушысы Сегізбаев Асхат: «Сарбаев Айдар ағамыздың атындағы турнир […]