ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Денсаулық пойызы Атырау облысына келді

Просмотров - 188
01.10.2018
 Үлкен қалалардан шалғай орналасқан елдімекендер мен ауылдардың тұрғындарына қарапайым флюрография немесе қан сараптамасын тапсыру үлкен қиындық туғызады. Сол себептен, олар денсаулықты екінші орынға қойып, өту керек медициналық тексерістерін кейінге шегере береді. Атырау облысына ат басын бұрған «Денсаулық» кеңес беру және диагностикалық пойызы тұрғындарға бар жағдай жасап, тегін медициналық көмек көрсетуде.

          Аталмыш жобаның аясында батысқазақстандықтар белгілі бір аурудың алдын алу үшін медициналық тексеруден өтеді, қажетті алғашқы көмек, кәсіби консультация мен әрі қарай емделу үшін жақын орналасқан медициналық орталықтарға жолдамалар алады.

Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

Медициналық пойыздың 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған.

2018 жылы «Денсаулық» пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары бойынша, барлығы 71 бекетке тоқтайды.       Көшпелі емхана Атырау облысындағы сапарын Мақат бекетінен бастады. Терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты білікті мамандардан құралған ақ халаттылардың бригадасы тек ересектерге ғана емес, балаларға да көмек көрсетеді. Ең алдымен тіркеуде тұрған адамдар медициналық тексерістен өтеді. Соған сәйкес, пойыз соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Тексерістен өткен науқастың барлық мәліметтері бірыңғай серверге тіркеледі және соңында санақ жүргізіледі.

Көптің көңілінен шығып, халықтың ризашылығын алып жүрген дәрігерлердің бұл игі жұмысына ұйытқы болып, қолдау көрсететін мекемелерді атап өткен жөн. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметті жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық министрлігімен, сонымен қатар, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар» Корпоративтік қорымен жүзеге асырылады.

Төменде «Денсаулық» медициналық пойызының Атырау облысы бойынша жүретін бағдары келтіріген.

Атырау облысы

Бекет атауы Келу уақыты Кету уақыты
күні уақыты күні уақыты
Мақат 26.09 01-35 27.09 22-30
Доссор 27.09 23-40 30.09 04-10
Тұманды 30.09 07-05 30.09 23-00
Аққыстау 30.09 23-45 03.10 06-35
Нарын 03.10 20-03 03.10 23-00
Исатай 03.10 23-45 05.10 06-00
Афанасьева 05.10 06-45 05.10 06-00
Ганюшкина 05.10 23-35 07.10 22-55
Жамансор 08.10 07-25 08.10 22-50
Мұқұр 08.10 07-25 08.10 22-50
Сағыз 10.10 23-40 13.10 17-35

 

Расскажи друзьям
Читай так же