ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Елбасы Атырау жұртшылығына ризашылығын жеткізді

Просмотров - 401
12.07.2018

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Атырау халқын ресми түрде Астананың 20 жылдық мерейлі датасымен құттықтады. Мұнайлы өлке халқы атынан тарту етілген «Атырау көпірі» үшін жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жолданған жедел хатында жазылған.

Атырау облысының әкімі

Н.Ноғаевқа

Құрметті Нұрлан Асқарұлы!

Сізді және бүкіл Атырау облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау облысы да ерекше сый жасады.

Мұнайлы өңір сыйға тартқан велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір – сәулет өнерінің бірегей туындысы.

Есіл өзені арқылы өтетін бұл көпір елорда тұрғындары мен қала қонақтарының игілігіне ұзақ жылдар қызмет ететініне сенімдімін.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және бүкіл Атырау облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев

Расскажи друзьям
Читай так же