Елбасы туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмнің тұсаукесері
21 қазан күні сағат 21:30-да «Хабар» телеарнасының эфирінде «Штрихи к портрету. Откровение» фильмінің көрсетілімі болады. Бірнеше деректі фильмнен тұратын жобаның бесінші бөлімі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен журналист Айгүл Әділова және Елбасының баспасөз қызметінің бірлескен жұмысының арқасында жарыққа шықты.
Фильмнің жаңа бөлімінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті БАҚ-та жарияланбаған тың ақпаратпен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, «Штрихи к портрету» көпсериялы деректі фильмі Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде түсірілген. Кинотуынды Тұңғыш Президенттің көрерменге белгісіз болған жаңа қырларын ашып көрсетеді.