ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Емханаға тіркелу науқаны аяқталды

Просмотров - 107
22.11.2018

Ағымдағы 2018 жылдың 21 қарашасы күні Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығы залында емханаға тіркелу науқанының аяқталуына байланысты облыстың БАҚ өкілдеріне арналған брифинг болып өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов 2018 жылдың
15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен кампания барысында республика бойынша 300 мыңға жуық адам медицина ұйымын еркін таңдағандығын және де осы науқан барысында Атырау облысы бойынша 6592 адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдалана алғандығын. Науқанға қатысқан Атырау облысы тұрғындарының басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 8 адам онлайн қызметті (egov.kz порталы арқылы) таңдағандығын айтып өтті. Биылғы тіркеу науқанына Атырау облысы бойынша 19 медицина ұйымдары қатынасқандығын, оның ішіндегі 1 медицина ұйымы алғаш рет қатынасып отырғаны. Көрсетілген емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсететіндігін филиал директоры Б.Ғазизов БАҚ өкілдеріне жеткізді.

«Биылғы медицина ұйымын еркін таңдау науқаны кезінде Атырау облысы тұрғындарының басым көпшілігі жеке меншік медицина ұйымдарын таңдады. Атырау облысы бойынша тіркелген халық тіркелімінде 627 258 тұрғын тіркелген. Тұрғындар тіркеу науқаны кезінде таңдаған емхана қызметін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады. Оған дейін бұрынғы емхананың пациенті болып қала береді»,-деді Б.Ғазизов.

Жалпы, тіркеу науқаны – емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе Медицианалық Сақтандыру Қорымен келісімшартты бұзса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда басқа емханаға ауысуға болады. Тіркеумен айналысатын емханалардың толық тізімін Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтынан табуға болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Расскажи друзьям
Читай так же